Облыс әкімі Өскеменді қардан тазарту жөнінде кеңес өткізді

Өңір басшысы Даниал Ахметов шағын және орта бизнес субъектілерін өздеріне қарасты аумақтарын тазалауға тарту керектігін баса айтты

Бүгін аймақ басшысы тиісті облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен Өскеменді қардан тазарту жөнінде кеңес өткізді.

Өскемен қаласының әкімдігіне қар тазалау жұмыстарының қарқынын төмендетпей, бекітілген келісім-шарттарға сай арнайы техниканың тәулік бойы жұмыс істеуін ұйымдастыруды тапсырды.

— Алдын-ала белгіленген арнайы техника екі ауысымда жұмыс істеу керек. Қалалық коммуналдық қызметтер жұмысты өз күштерімен ұйымдастыру керек. Көктайғаққа алдын-ала дайындалып, қажетті реагенттарды сатып алу қажет, — деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Одан соң Өскемендегі қарды тазалауға жұмылдырылған облыстық кәсіпорындардың босатылуына орай қалалық коммуналдық мекеменің және оның мердігер компанияларының жұмысын тексеру тапсырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов күніне үш рет, оның ішінде түнгі сағат үште қалалық арнайы техникалардың саны мен жұмысын бақылауға алады.

Облыс әкімі көңіл аударған басты мәселе – кәсіпкерлерді өздеріне қарасты аумақтарын тазалауға тарту болды. Шағын және орта бизнес субъектілерімен жұмысты ұйымдастырумен қатар, қалалық әкімдікке пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен арнайы кеңес өткізіп, олардың көпқабатты үйлердің аулаларындағы қарды жеделдетіп тазалауын ұйымдастыру қажет.

Добавить комментарий

Условия размещения комментариев.

Содержание комментариев на опубликованные материалы является мнением лиц, их написавших, и может не совпадать с мнением администрации сайта. Администрация сайта не несет ответственности за содержание комментариев.

Редакция YK-news.kz оставляет за собой право удалять комментарии, нарушающие действующее законодательство, в том числе высказывания, содержащие разжигание этнической и религиозной вражды, призывы к насилию, призывы к свержению конституционного строя, оскорбления конкретных лиц или любых групп граждан.

Кроме того редакция YK-news.kz оставляет за собой право удалять комментарии, которые не удовлетворяют общепринятым нормам морали, преследуют рекламные цели, провоцируют пользователей на неконструктивный диалог, оскорбляют авторов комментируемого материала, а также содержащие ненормативную лексику и ссылки на источники информации, не имеющей отношения к обсуждаемой теме.

Обращаем ваше внимание, что максимальное количество знаков в сообщении не может превышать 500 символов.