ШҚО диқандары дәнді дақылдардан рекордтық өнім жинады

17 октября 2016, 4:35
Сейчас читают:

Жалпы өнім жиынтығы 1 млн тоннадан астып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының диқандары жақсы өнім жинап, жоғары көрсеткіштерге ие болды. Шаруа қожалықтары шығынға батпай, астық өнімдерін уақтылы жинап үлгерді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасында өңірдің осындай рекордтық көрсеткіштерге соңғы жылдары ие болмағанын атап өтті.

— Зайсан, Шемонаиха, Глубокое аудандарында астық жинау көрсеткіштері белгіленген межеден асып түсіп, бір гектардан 20 центнер өнім жиналды. Бұл жергілікті шаруа қожалықтары озық технология тәсілдерін қолданғанын көрсетіп отыр, — деді ШҚО ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков.

Астық жинау науқанының қорытындысы бойынша шаруа қожалықтары ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз еткендігі белгілі болып отыр. Артығы көрші елдерге сатылымға шығарылмақ. Алдын ала болжам бойынша биыл бидайдың бір тоннасы 40 мың теңге шамасында саудаланады. Бұл шаруалар үшін өте тиімді баға.

Также читайте