ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда

29 июля 2016, 5:18
Сейчас читают:
ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда
ШҚО-ның футбол академиясында Месси жаттыққан әдістемені қолдануда
Фото Информационный центр ВКО

Биылғы жылдың басынан Шығыс Қазақстанның әр түкпірінен жиналған 100-ден астам бала испандық жүйе бойынша жаттықтыратын футбол академиясында тегін оқуда.

2015 жылдың қыркүйек айында ШҚО әкімдігі мен испаниялық «Soxna» компаниясы арасындағы келісім аясында Өскемен қаласында футбол академиясы құрылған. Жас ерекшеліктері бойынша (2000, 2001, 2002, 2003 ж.т) 700-ге жуық баланың ішінен 100 бала іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен балаларға спортта дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мектеп-интернаттан орын берілді.

— Бұл жобаның біздің өңір үшін маңызы зор. Жаттығу үрдісі үшін барлық жағдай жасалады, — деген болатын облыс әкімі Даниал Ахметов келісімге қол қою рәсімі барысында.

Балаларды әр жылдары «Спортинг», «Малага», «Гранада» клубтарында жұмыс істеген, академияның бас жаттықтырушысы Испаэль Диас Галанның жетекшілігімен төрт испан маманы жаттықтыруда. Сонымен қатар, оқыту үрдісіне қазақстандық мамандар да тартылды. Олар өз кезегінде испаниялық әріптестерінің тәжірибесін қабылдайтын болады.

— Балалар үлкен ықыласпен жаттығуларға келеді. Ойынды түсінетін жақсы ойыншылар қатары да көп. Біз бұл жерде Месси жаттыққан тәсілді қолданудамыз. Әрине, жоғары дәрежеге жету оңай емес, дегенмен біз бар күшімізді саламыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Академияның ең басты мақсаты – «Алтай» клубының негізгі командасын біздің тәрбиеленушілерімізбен толықтыру, — деді Исмаэль Диас Галан.

Болашақта 10-16 жас аралығындағы топтарды көбейтіп, жаттығушы балалар санын 200-ге жеткізу жоспарланған. Жаттығу үрдісі қыс мезгілінде де ыңғайлы болу үшін облыс орталығында жабық манеж салынбақ. 2016 жылдың қазан айында академияға кезекті іріктеу басталады деп жоспарлануда.

«Soxna» компаниясы испаниялық мамандарды тарта отырып әлемнің 10 елінде соның ішінде Италияда, Қытайда, Мексикада футбол академияларын құрып, дамытуда.

Также читайте