Проект О внесении изменений в постановление ВКО акимата от 02.11.2015 № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»

2 августа 2018, 5:13
Сейчас читают:

жоба

«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 157 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16708) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4250, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі «Дидар», 2015 жылғы 25 қыркүйектегі «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2 қосымшаларына сәйкес үлгілерде өтiнiшi не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталда электрондық сұрау салуының болуы негiздеме болып табылады»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілік тәртібі осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграмасында көрсетілген:

көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігі немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады):

1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН және пароль арқылы порталда тексеру;

2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), электрондық сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен тіркеу куәлігін таңдауы;

2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің (электрондық сұратуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5-процесс – қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік пароль арқылы куәландыру және өңдеу үшін электрондық құжатты (электрондық сұрау салуды) ЭҮП арқылы АЖО-ға жолдау;

6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сына тіркеу;

3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандартта көрсетілген құжаттар тізбесіне және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сы қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы пайдаланылып қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:

1-процесс – қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сына ЖСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

3-процесс – қызмет алушы деректері туралы электрондық сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ-ға жолдау;

1-шарт – ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерiнiң болуын тексеру;

4-процесс – ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің электрондық сұрау салу нысанының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы бөлiгiн толтыруы, оларды электрондық сұрау салу нысанына тіркеуі және қызмет көрсетуге толтырылған электрондық сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;

6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сына тіркеу;

2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қоса берілген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттардың тізбесіне және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты сұратып отырған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.»;

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасының толық мәтіні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің akimvko.gov.kz ресми сайтында орналасқан.

 

проект

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта»

В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах», приказом министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 2 марта 2018 года № 157 «О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 556 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере внутреннего водного транспорта» (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 16708), Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4250, опубликовано в газетах «Дидар» от 26 сентября 2015 года, «Рудный Алтай» от 25 сентября 2015 года) следующие изменения:

в регламенте государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами», утвержденном указанным постановлением:

пункт 4 изложить в следующей редакции:

«4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является наличие заявления услугополучателя (либо уполномоченного представителя: юридического лица по документу, подтверждающему полномочия; физического лица по нотариально заверенной доверенности) по формам согласно приложениям 1, 2 к стандарту государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами», утвержденному приказом министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 556 (далее - Стандарт) либо запроса на портале в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя или одноразовым паролем, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала»;

пункт 11 изложить в следующей редакции:

«11. Порядок обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал указан в диаграмме функционального взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги, согласно приложению 1 к настоящему регламенту:

услугополучатель государственной услуги осуществляет регистрацию на портале с помощью своего регистрационного свидетельства ЭЦП или одноразовым паролем, в случае регистрации и подключения абонентского номера, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала, которое хранится в интернет-браузере компьютера услугополучателя государственной услуги (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на портале):

процесс 1 – ввод услугополучателем ИИН и пароля (процесс авторизации) на портале для получения услуги;

условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном услугополучателе через ИИН и пароль;

процесс 2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя;

процесс 3 – выбор услугополучателем услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы электронного запроса для оказания услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) с учетом ее структуры и форматных требований, прикрепление к форме электронного запроса необходимых копий документов в электронном виде, указанных в пункте 9 Стандарта, а также выбор услугополучателем регистрационного свидетельства ЭЦП или одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала для удостоверения (подписания) электронного запроса;

условие 2 – проверка на портале срока действия регистрационного свидетельства ЭЦП или одноразовым паролем, в случае регистрации и подключения абонентского номера, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных (между ИИН, указанным в электронном запросе, и ИИН, указанным в регистрационном свидетельстве ЭЦП или одноразовом пароле, в случае регистрации и подключения абонентского номера, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала);

процесс 4 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с неподтверждением подлинности ЭЦП услугополучателя или одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала;

процесс 5 – удостоверение электронного запроса для оказания услуги посредством ЭЦП услугополучателя или одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала и направление электронного документа (электронного запроса) через ШЭП в АРМ услугодателя для обработки;

процесс 6 – регистрация электронного документа в АРМ услугодателя;

условие 3 – проверка (обработка) услугодателем соответствия приложенных услугополучателем документов к перечню документов, указанному в Стандарте, и основаниям для оказания услуги;

процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с имеющимися нарушениями в документах услугополучателя;

процесс 8 – получение услугополучателем результата оказания государственной услуги, сформированного АРМ услугодателя. Электронный документ формируется с использованием ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

Пошаговые действия и решения через услугодателя:

процесс 1 – ввод сотрудником услугодателя в АРМ услугодателя ИИН и пароля (процесс авторизации) для оказания услуги;

процесс 2 – выбор сотрудником услугодателя услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы электронного запроса для оказания услуги и ввод сотрудником услугодателя данных получателя;

процесс 3 – направление электронного запроса через ШЭП в ГБД ФЛ о данных получателя;

условие 1 – проверка наличия данных услугополучателя в ГБД ФЛ;

процесс 4 – формирование сообщения о невозможности получения данных в связи с отсутствием данных услугополучателя в ГБД ФЛ;

процесс 5 – заполнение сотрудником услугодателя формы электронного запроса в части отметки о наличии документов в бумажной форме, предоставленных услугополучателем, прикрепление их к форме электронного запроса и удостоверение посредством ЭЦП заполненной формы (введенных данных) запроса на оказание услуги;

процесс 6 – регистрация электронного документа в АРМ услугодателя;

условие 2 – проверка (обработка) услугодателем соответствия приложенных документов к перечню документов, указанному в Стандарте, и основаниям для оказания услуги;

процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с имеющимися нарушениями в документах услугополучателя;

процесс 8 – получение услугополучателем результата оказания государственной услуги»;

приложение 2 к регламенту государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами» изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

2. Аппарату акима области, управлению пассажирского транспорта и автомобильных дорог области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном видах на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории области;

4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области по вопросам строительства, энергетики и жилищно-коммунального хозяйства.

4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов

Полная версия проекта постановления Восточно-Казахстанского областного акимата «О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 2 ноября 2015 года № 286 «Об утверждении регламента государственной услуги в сфере внутреннего водного транспорта» размещена на официальном сайте акима области akimvko.gov.kz.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте