«Mamma mia!» мюзикліне негізделген музыкалық қойылымның премьерасы 5 шілдеде Өскеменде өтті
Бұл іс-шараның ең маңызды тұсы — қойылымға тек жергілікті әртістер — облыстық драма театрының актерлері, сондай-ақ облыстық филармонияның солистері, музыканттары мен бишілері қатысты. Мюзиклдің тұсаукесеріне ШҚО басшысы Ермек Көшербаев қатысты.
Неліктен Mamma mia!?
Mamma mia! мюзиклін жаңа театрдағы алғашқы қойылым ретінде ұсынуды былай деп түсіндіруге болады — бұл көрермендер арасында өте танымал мюзикл. Ол 1999 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін бүкіл әлемде қойылуда. Мюзикл әр түрлі тілдерде қойылған, ал оның өн-бойында ұлттық мәдениеттің элементтері сөзсіз енгізіледі: ерекшеліктерді ым-ишарадан, қимылдардан, интонациядан байқаймыз. Бірақ өзгеріссіз қалатын бір нәрсе бар — ол АВВА Швед тобының аты аңызға айналған әндері.
Өскеменде қою үшін диалог мәтіні қазақ тіліне аударылды. Әндер түпнұсқа тілінде, ағылшын тілінде орындалды.
Бәрі қалай басталды
Мамма миа!-ны қою үшін белгілі бір батылдық қажет. Бірақ бұл жерде бір нәрсені есте сақтау керек.
Біз "Жарғанат" опереттасы мен "Айсұлу" операсының эксперименттік қойылымдары туралы айтып отырмыз. Олар облыстық филармония солистерінің, соның ішінде Арника Байбусинованың, "Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі" хорының және ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің қатысуымен қойылған. Қойылымдар сәтті өтті. Сол сәттен бастап қаланың ең батыл музыкалық жобаларды жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті бар екені белгілі болды. Және мұндай жоба Mamma mia! мюзиклі болды.
Спектакльдің алғашқы сәттерінен-ақ Жерорта теңізі қонысының атмосферасына енесіз: терезе қақпақтары көгілдір түспен боялған ақ үйлер, олардың жанындағы үстелдер, ал алыстан жағалау бойымен серуендеп жүрген туристер тобына ұқсайтын көптеген адамдар көрінеді. Бұл шын мәнінде симфониялық оркестр. Оркестр шұңқыры болмаған кезде музыканттарды орналастыру үшін жақсы шешім болған екен. Бәрі де көркем бейне үшін жұмыс істейді. Музыканың алғашқы әуені бізді бірден "АВВА" дәуіріне үйіріп әкетеді.
Айта кету керек, біздің солистердің ABBA тобының хитін орындауы көрермендердің қошеметіне бөленді. Спектакльді ашқан жеке аспаптық нөмір үшін және солистер, дуэттер, хорды музыкалық сүйемелдегені үшін оркестр де қошеметпен марапатталды.
Бір қызығы, актерлік өнер де көрермендердің көңілін көтерді: энергиясы асып төгілген Скайдың сахнаға әрбір шығуы шоудың жеке нөмірі сияқты болды. Оның достарының ескекаяқ киіп билегені қандай!
Көрермендер жанашыр, мейірімді және риза болып отырды! Залдан "браво" деген сөздер естіліп жатты және соңында сахнаға гүлшоқтары көлше құйылды!