Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Өскеменде 200-ден астам іс-шара өтеді.
Қалалықтар концерттерге, көрмелерге, спорттық жарыстарға қатыса алады, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
14 наурызда «Ұлттық киім күні» челленджі басталып, 23 наурызға дейін жалғасады. Сондай-ақ, 14 наурызда «OSKEMEN STARS» караоке байқауы болады, өтетін орны «Премьера» караоке клубы. Сағат 19:00-де басталады.
16 наурыз, сағат 10:00. Жекпе-жек сарайында қазақша күрестен қалалық турнирдің ашылуы.
17 наурызда сағат 13:00-де Комендантка өзені аңғарында «Наурыз FEST» жастар фестивалі өтеді.
21 наурызда сағат 19:00-де Неке сарайында «Nauryz quiz» зияткерлік сайысы өтеді.
22 наурыз күні Республика алаңында:
- қала өнерпаздарының қатысуымен концерт, бағдарлама қонағы — қазақ эстрадасының жұлдызы Ұланғасыр Қамиев;
- Мұтұрғановтардан «Шапито» циркі;
- караоке;
- «бауырсақ пати» байқауы;
- «Үздік киіз үй» байқауының жеңімпаздарын марапаттау.
- сағат 19:00 - 22:00 — Kalifarniya жұлдыздары мен Нұргүл Мыңғатованың қатысуымен концерт.

