ШҚО-да Катонқарағайдағы әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

15 часов назад
Сейчас читают:
ШҚО-да Катонқарағайдағы әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр ШҚО-да Катонқарағайдағы әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
ШҚО-да Катонқарағайдағы әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Үлкен Нарын мен Катонқарағай арасындағы республикалық трассаны бойлай келе жатқан жүргізушілер бүгінде болашақ әуежайды кесіп өтуде. Оның ауданын периметр бойынша орнатылған қоршау арқылы анықтауға болады.

Құрылыс осы жаздың басында басталды. Қазіргі уақытта Нарын өзенінің аңғарының солтүстік бөлігінде орналасқан ұшу-қону жолағында белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Асфальт зауытының жүмысы қарқынды. Жолақты асфальттау басталып қойған сыңайлы.

Трассаның оңтүстік жағында әуежай ғимараттары салынуда. Оның бірінде бетон конструкциялары екінші қабат деңгейіне дейін көтеріліп үлгерген.

Әуежай аймағындағы трассамен жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымды құрайды. Өйткені жолға үнемі құрылыс техникасы шығады. Оған қоса жол жабындысы ауыр жүк көліктерінің әсерінен айтарлықтай зақымдалған. Болашақта трасса әуежайдан тыс жерге көшіріліп, аңғарды оңтүстіктен қоршап тұрған Нарым жотасына жақын өтетін болады. Жол төселіп қойған. Қазір онда су өткізгіш құбырларды орнатуда.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте