Өскеменде Достық үйлерінің Бірінші Республикалық конгресі өтті

24 сентября 2025, 10:00
Сейчас читают:
Өскеменде Достық үйлерінің Бірінші Республикалық конгресі өтті Өскеменде Достық үйлерінің Бірінші Республикалық конгресі өтті
Өскеменде Достық үйлерінің Бірінші Республикалық конгресі өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілген іс-шара екі күнге созылды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 23 қыркүйекте пленарлық отырыс өтті.

— Түрлі этнос өкілдері Шығыс Қазақстанның және көпұлтты еліміздің дамуына жандарын салып, еңбектерін сіңірді, — деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөзінде. — Осындай мәдени әртүрлілік — біздің күшіміз бен мақтанышымыз. Осыдан 33 жыл бұрын дәл біздің облыста азаматтардың (этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен ақсақалдар) бастамасымен елдегі алғашқы Достық үйі ашылғаны кездейсоқ емес. Бүгінде мұндай үйлер бүкіл ел бойынша жұмыс істейді. Біз бұл тәжірибені сақтауға және дамытуға міндеттіміз. Шығыс Қазақстан этноәлеуметтану және этнография саласында үлкен әлеуетке ие. Өңірде республикалық және халықаралық деңгейде танылған беделді ғалымдар жұмыс істейді. Олардың қатысуымен жас ғалымдар клубы құрылып, білім беру бастамалары іске асырылуда. Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп этносаясат және этнокоммуникация саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру курсы әзірленді. Біз мұндай бастамаларды толықтай қолдаймыз және оларды іс жүзінде қолдануға тырысамыз. Бейбітшілік, келісім және бір-бірімізге деген құрмет – бізді бүгінде біріктіріп тұрған нәрсе.

Достық үйлерінің Бірінші Республикалық конгресінің құрметті қонағы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстанда сегіз достық үйі бар екенін атап өтті. Бұл республиканың барлық облыстарындағы ең үлкен көрсеткіш. Жалпы елімізде 32 өңірлік достық үй бар. Олар қоғамды біріктіру, этносаралық бірлікті сақтау мен дамытудың маңызды миссиясын орындауда.

— Қазақстан тұрғындарының этникалық шығу тегі әртүрлі болғанына қарамастан, біздің ортақ мемлекеттік рәміздеріміз бар: Ту, Елтаңба және Әнұран, өйткені біз — бір мемлекеттің азаматымыз, — деп мақтанышпен айтты Марат Алмасұлы. — Біздің қуаныштарымыз бен қайғыларымыз, мақсаттарымыз бен ұмтылыстарымыз ортақ.

Екі күндік конгреске еліміздің түкпір-түкпірінен келген Достық үйлерінің, мемлекеттік органдардың, этномәдени және жастар бірлестіктерінің 100-ден астам өкілдері қатысты. Бірінші күні қонақтар этномәдени бірлестіктермен кездесіп, «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессиясына қатысты, Сол жағалау кешеніндегі этноауылға барып, түрлі ұлттардың тұрмысымен, өнерімен және мәдениетімен танысты.

Күннің екінші жартысында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде пленарлық отырыс өтті. Онда қатысушылар этносаралық келісімді нығайту мүмкіндіктерін талқылады, қызмет жолындағы тәжірибесімен бөлісті және мәдениеттер диалогы орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қадамдарды белгіледі.

Конгресс 24 қыркүйекте Риддерде аяқталды, онда ашық диалог форматында «Ассамблея жастары» жастар активінің мектебі өтті. Қатысушылар пікір алмасып, этносаралық келісімді нығайту бойынша одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Қорытындылай келе, олар Бірінші Республикалық конгресс ел үшін тарихи оқиға екенін атап өтті және мұндай кездесулердің жыл сайын өткізілуі туралы тілектерін білдірді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте