Өскемендегі аяқталмаған автозауыттың аумағы мемлекет меншігіне бекітіледі

3 часа назад
Сейчас читают:
Өскемендегі аяқталмаған автозауыттың аумағы мемлекет меншігіне бекітіледі Өскемендегі аяқталмаған автозауыттың аумағы мемлекет меншігіне бекітіледі
Өскемендегі аяқталмаған автозауыттың аумағы мемлекет меншігіне бекітіледі

ШҚО әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған Өскемен қаласындағы аяқталмаған автозауыттың «0 теңгеге берілуі» туралы ақпаратқа ресми жауап берді.

Әңгіме ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған және іске қосылмаған нысан туралы болып отыр. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін және комиссияның оң шешімі болған жағдайда, 15 жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыс әкімдігімен келісу арқылы экономикалық орындылығын ескере отырып, мүліктік кешенді мемлекеттік органдардың біріне беру туралы шешім қабылдайды.

Аталған аумақты мемлекет меншігіне бекіту оны жүйелі дамытуға мүмкіндік береді: инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап жаңа өндірістерді іске қосу мен инвестиция тартуға дейін.

Сонымен қатар, ШҚО әкімдігі бұл аумақта арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін қарастыруда. Отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, жаңа өндірістерді орналастыру жоспарлануда, бұл заманауи өндірістік кластер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған перспективалы аймақ болмақ.

Осы ретте жоспарларды іске асыру үшін нысанның техникалық жағдайына кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ инфрақұрылымды қалпына келтіру мен жаңғыртуға қажетті жұмыстардың көлемі мен құнын бағалау қажет.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте