«Таза су айдындары» акциясы кезінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналды

4 часа назад
Сейчас читают:
«Таза су айдындары» акциясы кезінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналды «Таза су айдындары» акциясы кезінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналды
«Таза су айдындары» акциясы кезінде 40 тоннадан астам қоқыс жиналды

Жыл сайынғы акция ШҚО-да 1-31 мамыр аралығында өтіп, барысында Абай және Павлодар облыстарының аумақтары қамтылды.

«Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары мәлім еткендей, акция балық ресурстарын сақтауға, су айдындарын тазартуға және балықтың табиғи жолмен көбеюіне жағдай жасауға бағытталған.

Бір ай бойы инспекторлар, балық шаруашылықтарының өкілдері, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар Зайсан-Ертіс бассейнінің жағалау сызығы мен акваториясын тазартумен айналысты. Акцияға барлығы 457 адам мен 157 техника бірлігі, оның ішінде 133 автокөлік пен 24 жүзу құралы жұмылдырылды.

Акцияның басты нәтижелерінің бірі — су айдындарынан қараусыз қалған 450 балық аулау торын шығарып, жою болды. Мұндай торлар экожүйеге үлкен қауіп төндіреді. Тіпті браконьерлер ауды тастап кеткеннен кейін де, оған балықтар мен басқа да су жануарлары түсіп, қырылып жатады.

Акция кезінде резервтегі учаскелер де, барлық балық шаруашылығы субъектілерінің аумақтары да тазартылды. Жағалау аумақтарынан 41,1 тонна қоқыс шығарылды.

Экологиялық ағартуға да ерекше көңіл бөлінді. Инспекция мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен және жағалау маңында тұратын азаматтармен кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су айдындарын сақтаудың маңыздылығы мен қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Ведомствода атап өткендей, «Таза су айдындары» акциясы жыл сайын өткізіліп тұрады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте