Салынып жатқан Үлбі жағалауында асфальт төсеуге кірісті
Спорт сарайынан Шәкәрім даңғылына дейінгі жол жақын арада аяқталады, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Жұмыстың бірінші бөлімі — Ворошилов көпіріне баратын асфальтталған жол — аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта болашақ көшенің бір бөлігіне асфальт төселіп үлгерді, басқа учаскеде жабын жайылуда. Жолдан шығудың бір жағы тікелей Ворошилов көпіріне жоспарланған, екіншісі көпірдің астына созылып, екінші жағынан Шәкәрім даңғылына құяды.
— Біз қазір өте маңызды жобаны жүзеге асырып жатырмыз, — деп бөлісті жұмыс сапары барысында құрылысқа келген қала әкімшілігінің басшысы Жақсылық Омар. — Ол Астана көшесінің жалғасы және Үлбінің жаңа жағалауын салу. Бұл көше Шәкәрім даңғылымен жалғасады және біздің қаламызға өте пайдалы болады. Ол Абай даңғылында, Үлбі көпірінде және Астана көшесінде автомобиль трафигін реттеуге мүмкіндік береді. Сограға, өнеркәсіптік аймаққа немесе Бажов көшесіне қарай жүретін автокөлік жүргізушілері осы жолды пайдаланып тез жете алады. Бұл Красин көшесіндегі, Абай даңғылындағы және көпірдегі автомобиль кептелістерін жоюға мүмкіндік береді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес маусым айының ортасына дейін жол бөлігін ашуымыз керек. Бұл мүлдем жаңа жол, заманауи, төрт жолақты болады.
Қала басшысының айтуынша, жобаның екінші кезеңі іргелес аумақты абаттандыру болмақ. Мұнда суға тсетін, үлкен және әдемі жағалауды жабдықтау, бірнеше гүлзарларды бөлу, жасыл желектерді жаңарту, сондай-ақ бірнеше үлкен автотұрақтарды бөлу жоспарлануда. Абаттандыру жұмыстары суық ауа райы басталғанға дейін жалғасады. Соңыа қарай демалыс аймағында ағаштар отырғызылады.
Елены Бредихинаның фотосы



