Өскемен қаласы жолдарындағы 3700 шұңқыр тегістелді
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында Telegram-бот арқылы жолдардағы шұңқырлар туралы шағым жолдауға болады, деп хабарлайды YK-news.kz.
Жол жабынындағы ақаулардың фотосуреттерін жіберуге және оларды жоюға өтінімдер жасауға болатын Telegram боты «100 күнде 10 000 шұңқыр» деп аталады. Аталған әлеуметтік желіге — @oskemen_bot арқылы ақпарат жолдауға болады.
8 мамырдағы мәлімет бойынша жол жөндеушілер 3700 шұңқырды жөндеген.
Қала ішіндегі жолдардың орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

