Өскеменде "Таза ойындар" басталады

3 мая 2023, 14:29
Сейчас читают:

Интерактивті ойын түрінде өтетін сенбіліктердің басталуы туралы қала әкімі хабарлады, дейді YK-news.kz.

— 6 мамырда еріктілер ұйымдарымен бірге "Таза ойындар" атты алғашқы экосенбілік өткіземіз, — деді Жақсылық Омар. — Интерактивті ойын түрінде Үлбі жағалауы бойындағы аумақты Астана, 48/1 мекенжайынан бастап, төмен қарай тазалаймыз.

Жиын Астана көшесі, 48/1 маңында сағат 10:00-де. Құрал-сайман мен қолғап сол жерде беріледі. Сонымен қатар, экосенбілікке қатысушыларға палау әзірленеді. Кәдесыйлар мен сыйлықтар да бар.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте