Өскеменде Темiржолшылар көшесіндегі жұмыстар аяқталды
Өскемен қаласының әкімі жол активтерінің сапасын бақылау аясында көше учаскесіне барды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Теміржолшылар көшесіндегі жолды жөндеу сәуір айының басында басталды. Бүгінгі таңда ұзындығы бір шақырымнан асатын учаскеде жұмысшылар асфальт жабыны мен жиектерді толығымен ауыстырды. Жобада "Фирма "Жас ұлан" ЖШС мердігерлік ұйымы жұмыс істеді.
Жол жөндеу сапасын бақылау аясында Теміржолшылар көшесіне Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар барды. Қала басшысының қатысуымен "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК зертханасының қызметкерлері асфальт жабынының сынамасын алып, өзектің қалыңдығын өлшеді.


