Өскеменде балаларға арналған футбол алаңдарын жабдықтау жалғасуда
14 маусымда "Металлург-6" бау-бақша серіктестігінде алаң ашылды, деп хабарлайды Noks.kz.
Спорт алаңы "Халық қатысатын Бюджет" бағдарламасы аясында жабдықталды.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға сәйкес тұрғындар абаттандыруға өтінім беріп, өз жобаларына дауыс береді. Егер ол жеткілікті дауыс жинаса, онда жоба жүзеге асырылады.
— Сіздер біздің қаламызда шағын аудандарды дамыту бағдарламасы қабылданғанын білесіздер, — деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Бұл өте қажет бағдарлама. Шетте тұратын адамдар неге спорт алаңдары тек қала орталығында бар деп үнемі өте дұрыс сұрақ қояды. Қала шетінде футбол алаңының ашылуы тұрғындар мен атқарушы биліктің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып отыр.
Енді "Металлург-6" ауылының тұрғындары алаңның жай-күйін кім қадағалайтынын анықтауы керек.
Соңында Жақсылық Омар саяжай алабында тұратын балаларға футбол және волейбол доптарын сыйға тартты.

