Өскеменде бес көпқабатты үй муралмен безендірілді

13 июля 2023, 4:37
Сейчас читают:

Ғимараттардың қасбетіне салынған үш кескіндеме халықты қуантып үлгергеніне біраз болды. Кішкентай хоккейші салынған төртінші мурал М. Горький көшесіндегі № 82 көппәтерлі үйдің қабырғасына, ал балалар туралы серияға кірмейтін бесінші мурал Көкжал Барақ көшесі, 2/1 мекен-жайындағы үйге салынды деп хабарлайды YK-news.kz.

— Биыл пайда болған төртінші муралды ерекше атап өткен жөн, — деп баса айтты Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Ол біздің мақтанышымыз бен армандарымыз туралы. Өскемен — хоккейшілер қаласы. Бізде кәсіби спортшылар ғана емес, мұзға қуана жүгіретін қарапайым балалар да баршылық. Сондай-ақ ұлттық құрамада біздің бірнеше жерлесіміз ойнайды және біз оларды мақтан тұтуымыз керек!

Әкімдік бұл суреттің прототипі "Торпедо" ХК хоккей бойынша БЖСМ-де оқитын бала екенін айтты. Муралдардың авторлары стрит-арт-суретшілер Ержан Танаев пен Әли Зәкір.

— Бесінші муралдан біз атақты қоғам қайраткері, ғалым және "Алаш Орда" қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты көреміз, — деп түсіндірді "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Әлібек Тұрсымбетов. — Бұл бұрын қазақ автономиясын құру үшін күрескен адам. Ол бүкіл Қазақстан үшін маңызды тарихи тұлға. Муралда оның дәйексөзі келтірілген: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» ("Стремление служить нации и народу — это не от знаний, а от характера"). Бүгінгі күні бұл соңғы салынған мурал.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте