Өскеменде шайбалы хоккейден ашық чемпионаттың қорытындысы шығарылды
ШҚО түнгі хоккей лигасының кезекті маусымының салтанатты жабылуы 9 маусымде "Ертіс концерт" КМҚК-да өтті, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
ШҚО 2022/2023 маусымының түнгі хоккей лигасының чемпионаты "Әуесқой" және "Шебер" дивизиондарында өтті. Біріншісіне сегіз команда қатысса, оның ішінде Абай облысының өкілдері бар.
— Ойындарды қаңтар айының басында бастап, мамыр айының соңында аяқтадық, — деді ШҚО түнгі хоккей лигасының бас төрешісі Асхат Еркебаев. — "Әуесқой" дивизионында бізде қарапайым адамдар ойнайды. Онда 8 команда болды.
Маусым қорытындысы бойынша "Әуесқой" дивизионында үшінші орынды Абай облысының "Жастар" командасы, екінші орынды Өскемен қаласының "Бүркіт" командасы, бірінші орынды ШҚО Глубокое ауданының "Глубокое" командасы иеленді.
"Шебер" дивизионында үшінші орынды "Устинка" командасы, екінші орынды — "Шығыс қанаттары-1" командасы, бірінші орынды "Өскемен" командасы иеленді. Сондай-ақ, "Команданың бағалы ойыншысы" номинациясы бойынша үздік хоккейшілерді марапаттау өтті. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар құттықтады.
— Біз Өскемендегі хоккейдің болашағы үшін алаңдаймыз және оның қаладағы бұқаралық спорт түрі болғанын қалаймыз, — деді әкім. — Бәріміз де хоккей ойнаймыз, оны жақсы көреміз және түнгі хоккей лигасы — бұл біздің қаламызда хоккейдің бар екендігінің және дамып келе жатқанының көрсеткіші.

