Өскеменде ескірген жылу орталықтарын жөндеу жұмыстары басталды

13 мая 2022, 5:20
Сейчас читают:

Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Буров көшесіндегі желілер 1990 жылы іске қосылып, сол кезден бері жаңартылмаған.

2020-2021 жылдары Мызы көшесіндегі учаскелердің бірінде жылумен жабдықтау желілері төрт рет жарылды. Әдетте құбырлардың Нормативтік қызмет ету мерзімі 20 жылды құрайды. Бұл мерзімнің өткеніне 10 жыл болған. Осы жылдың сәуір айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ ұзындығы 425 метр жылу орталығының проблемалық учаскесін жоспарлы жөндеуге кірісті. Жұмыс кәсіпорынның өз қаражатынан жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда құбыр беті толығымен ашылып, бетон науалары ауыстырылды, жаңа жылу трассасы салынуда. Мерзімі өткен құбырларды демонтаждауды, бетон науаларды тазалауды, жаңа желілерді төсеп, оларды оқшаулауды мердігер «Сельмонтаж» ЖШС орындауда. Кесте бойынша жөндеу 23 қыркүйекте аяқталуы тиіс, бірақ бүгінде олардың жұмыс қарқыны біршама жоғары. Ауыстыру жұмысын шамамен шілде айында аяқтауға болады. Сонымен қатар, олар желілерді жаңартуды халыққа қолайсыздық туғызбай жүргізуге тырысуда.

— Аулаларға кіреберістер, жаяу жүргіншілер өткелдері сол беті сақтаулы. Оған қоса, ыстық суды да өшірмедік, — дейді «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Бас директоры Ренат Оразбаев. — Бұл біз үшін белгілі бір қиындықтарды тудырады, бірақ ол сәттер де артта қалды. Құбырларды кесеміз, одан кейін ауыстырамыз, сосын сумен жабдықтауда шашау шығармауға тырысамыз. Бұл жоспарлы жөндеу. Мерзімі жетіп, ақаулары байқала бастаған. Бізде қала бойынша 450 шақырым желі бар. Инвестициялық бағдарламаларымыздың сомасына сүйене отырып, бірінші кезекте ауыстыруды қажет ететін учаскелерді таңдаймыз. Мынау сондай учаскелердің бірі.

Бүгінде жөнделіп жатқан желілер Пермитин және Буров көшелеріндегі аумағы ат шаптырым ауданның халқын жылумен қамтамасыз етеді. Барлығы 1724 абонент, оның 34-і – заңды тұлғалар. Қазір құбырлар 40 пайызға ауыстырылды. Жұмысшылар су желісінің ескі тармағынан жаңасына қайта қосуды бастағанда ыстық су уақытша өшуі мүмкін.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте