19 шағын ауданындағы саябақ маусым айының соңына дейін салынып бітеді

13 мая 2022, 10:32
Сейчас читают:

Мұның алдында «Өскемен» аллеясы мен Тәуелсіздік монументі бой көтерген еді.

Аталған мекенжайда биыл тағы бір демалыс орнын салу жоспарға енді. Абаттандыру жоспарға сәйкес жалғасып жатқан көрінеді. Жаңа саябақ Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады.

— Жұмыс қарқынды түрде жалғасын табуда. Бір жарым ай ішінде осы саябақтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақтың ауданы - 1,5 гектар. Қазірдің өзінде мұнда жарықтандыру бағаналары орнатылып, 370 түп ағаш отырғызылып, төрт субұрқақ салынған. Қазір жолға төсеніш төселуде.

— Саябақ ішіне заманауи архитектуралық мүсіндер мен Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш те қойылады, — деді «Gemba» ЖШС бас инженері Бақыт Рақышев.

Оның сөзінше, қаладағы жаңа саябақ «Өскемен» аллеясының жалғасы болып саналады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте