Крылов көшесін қайта құру кезінде тұрғындардың ұсыныстары ескерілді
2022 жылы қала басшылығы шаһарда жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша «халықтық бақылауға» жүгінді.
Алғашқы төрт көше сәуір айында жөнделе басталған еді. Сол кезде қала әкімі белсенді тұрғындардан бұл жұмыстарға күнделікті мониторинг жүргізу мен мердігер ұйымның кемшіліктері, жұмыс қарқынының төмендігі секілді олқылықтар туралы хабарлауды сұраған. Крылов көшесінде билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің осы әдісі өз тиімділігін көрсетті.
12 мамырда Өскемен қаласының әкімі жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалған көшеге барды. «Ка-grupo» ЖШС мердігерлік ұйымы қиыршық тасты-мастикалық асфальт-бетон жабындысының жоғарғы қабатын төсеуге кірісті. Осыған байланысты көшедегі қозғалыс жабылып, бұл шешімді жергілікті тұрғындар мақұлдады. Бірақ бұл осы маңдағы аулалардан шыққандар үшін біршама қиындықтар туғызады.
«Халықтық бақылауды» бір ай бойы Крылов көшесіндегі № 78, 80 және Әуезов даңғылындағы №11 үйлердің тұрғындары жүзеге асырды. Олар мессенджерлер арқылы мердігер ұйыммен үнемі байланыста болды.
— Біз мердігерлерді ғана емес, жұмыстардың орындалу сапасын бақылап отырамыз, — деп түсіндірді кондоминиумдардың бірінің төрағасы Вера Валерьевна. — Жұмыс баяу жалғасып жатса да, ештеңе етпейді. Біз олармен WhatsApp арқылы үнемі байланыста болдық. Егер қандай да бір мәселелер туындаса, оны бірден шешіп отырды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуы бойынша тәжірибе Өскеменде алғаш рет жүзеге асырылуда. Крылов көшесіне қарап, бұл әдістің тиімді болғанын аңғаруға болады. Қала тұрғындары жолдың қаншалықты жақсы жасалғанын мұқият бақылап қана қоймайды. Олар билікке жөндеу кезінде жүзеге асырылған бірнеше жоспарын ұсынды. Солардың бірі – Крылов көшесі арқылы Лихарев көшесі қиылысының жанындағы жаңа жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы. Жақын жерде мектеп орналасқан, ал балалар өтуге рұқсат етілмеген жерлермен өтіп жүрді. Енді мұнда жолдың қиылысы қауіпсіз болады.
Жергілікті тұрғындардың екінші идеясы — ШҚО бойынша қаржы полициясы департаментінің қоршауының жанында пандус орнату. Көбінің айтуынша, баспалдақтары тозған, түсіп-шығу қиын болды. Мысалы, мүгедектер арбасымен. Енді жұмысшылар бұған қатысты адамдарға ыңғайлы болатындай өзгеріс енгізеді.
Көшені қайта құру кезіндегі тағы бір маңызды шешім «Таймас» дүкенінің жанындағы апатты автотұрақты жою болды. Жол бұрылысының жанында тұрған көптеген машиналар Лихарев көшесінен келе жатқан автомобильдер үшін солға бұрылуды қауіпті ететін. Бұл ретте әкімдік дүкенге жол қиылысынан алыс жерден, жаяу жүргіншілер өткелінен кейін автотұрақ орнын беруге дайын. Бірақ дүкеннің иесі автотұрақты өз есебінен жабдықтауға мәжбүр болады. Жол жөндейтіндер бұл аймақты жиектастармен қауіпсіз ете алады. Жергілікті жұрт бұған қатысты кәсіпкердің мүдделерін ескеруге келісіп-ақ тұр, бірақ тұрғындар автомобильдерін қыздырған кезде бөлінетін газбен дем алуға қарсы.


