Өскеменде қасбеттік жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

6 мая 2023, 17:10
Сейчас читают:

Назарбаев даңғылында орналасқан бірнеше үйдің сылағы жаңартылып, қанық бояуымен көпшілікті қуантуда, деп хабарлайды Noks.kz.

Қасбеттерді жөндеу Металлургтер көшесі қиылысынан басталып, Үлбі көпіріне дейін жалғасады.

— Қазір негізгі жұмыстар Достық үйі ғимаратының маңында жүріп жатыр — бұл біздің қаламыздың әдемі неоклассикалық сәулеті бар тарихи орталығы, — деп атап өтті жұмыс сапары аясында жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Жалпы, бұл жобаны іске асыру үш жылға созылады. Бірінші кезең — Назарбаев даңғылындағы 21 үйдің сыртқы келбетін толық жаңарту. Бұған қаржы бөлініп, мердігерлерді анықтайтын конкурс өткізілді. Егер мердігерлер уақытылы жұмыс атқарса, біз екінші траншты бөлеміз. Сөйтіп екінші кезең басталады. Осылайша біз кем дегенде 100 үйді жөндеу көзделуде. Қазір біз жұмыс сапасын қарап, осы мердігерлердің барлық жұмыс ауқымын дұрыс орындай ала ма, жоқ па, соны тексеріп жатырмыз.

Әкімнің айтуы бойынша алдағы жоспарда Шәкәрім даңғылы, Нұрмағамбетов және Қазақстан көшелерін жөндеу қарастырылуда.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте