Коммуналдық қызметкерлер Өскемендегі көшелерді шаң-тозаңнан тазартуда
«Таза Өскемен» КМК 2020 жылдан бастап автожолдардың науалық бөліктерін тазалауды механикаландырылған тәсілі – «Dulevo» вакуумдық сыпыру-жинау машиналары арқылы жүргізілетіндігін айтуда, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
— Бұл арнайы машиналардың жұмыс істеу принципі қарапайым тұрмыстық шаңсорғышқа ұқсайды: қуатты желдеткіш ауаны үрлеп, бункерде вакуум түзеді және оған кіретін тесік арқылы жолдағы қоқысты сорып алады, — дейді «Таза Өскемен» КМК қызметкерлері. — Тазалаудың тиімдірек жүруі үшін сумен жабдықтау қондырғыларымен жабдықталған бүйірлік щеткалар алдын-ала жиектердегі шаңды сулап, басып, ал негізгі құрылғы қалдықтарды тазалап алады. Шаң-тозаңсыз қала ауаның ластануын азайтудың және экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі екендігі сөзсіз.

