Өскемен қаласы тұрғындарына көмірді жазда сатып алу ұсынылуда
Қазір коммерциялық көмірдің бір тоннасы 14 мың теңге, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір қаланың көмір сату орындарында қатты отын жеткіліктімөлшерде. Естеріңізге сала кетейік, темір жол тұйықтары Промышленная (Защита) көшесінде және Сол жағалауда орналасқан.
— Күзге дейін тосудың қажеті жоқ. Бұл кезде сұраныс арта түсетіндігі белгілі, — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Сондықтан жеке меншік үйлердің тұрғындарын қазірден қыс мезгіліне дайындалуға шақырамыз. Көмір күн сайын «Қаражыра» кенішінен жеткізілуде.
Халықтың азқамтылған топтарын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі әкімшілік бақылауында. Әлеуметтік отын алатын өскемендіктердің тізімі жасалған. Әлеуметтік көмірдің тоннасының құны — 13 500 теңге.

