Өскемен қаласының әкімі қала шекарасындағы жолды абаттандыру бойынша жұмыстардың қарқынын жеделдетуді тапсырды
Жібек Жолы көшесінен Өскемен-Алматы автожолы бағытында қала шекарасына дейінгі автожолды қайта жаңарту өткен жылдың қазан айында басталды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, мердігер жұмысты 1 шілдеге дейін аяқтауға уәде берген, бірақ жұмыстар әлі де жалғасуда.
Қазір асуға дейін 4 шақырым жол аяқталды, тағы бір жарым шақырымды жөндеу керек.
— Сіз жолды 1 шілдеге ашуға уәде бергенсіз, ал бүгін 4 шілде — жол қайда? — деп сұрады қала әкімі мердігерден. — Жақын жердегі шағын аудандардан күнде келетін жұрт асфальт жолмен қамтуды сұрайды және соны күтіп отыр!
Мердігер жұмыстардың кешеуілдеп жатқанын Павлодар зауытынан битумды жеткізумен байланыстырып отыр.
Өздерінің битумды жеткізу және осы учаскеге асфальт төсеу жұмыстарын жеделдетуге күш салып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мердігердің айтуынша, сәуір айына уәде етілген қаржыландыру тек мамыр айында бөлінген. Битум мердігер ұйымның несиелік қаражатына толық емес мөлшерде сатып алынған.
— Бұл сіздерді ақтамайды! — деп қосты қала басшысы. — Павлодар МӨЗ битумды сатып отыр. Тек қазір олар оны төмендетілген бағамен сатпайды. Не себепті битумды алдын ала жинап қоймадыңыз? Сұрақтар туындамау үшін шілдеге дейін жол ашамын деп уәде берудің қажеті жоқ еді.
Қала басшысы жұмысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауды тапсырды, өйткені бұл қала үшін маңызды магистраль. Қайта жаңартудан кейін жолдың ені 16 метрді құрайды, мұнда төрт жолақ, аялдама және 300-ден астам жарықтандыру тіректері болады.


