Өскемендегі көпқабатты үйлердің қабырғаларына жаңа муралдар салуда

30 июня 2023, 10:34
Сейчас читают:

Облыс орталығында екі жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Олардың бірін Көкжал Барақ көшесіндегі 7/1 үйдің қасбетінен көруге болады — бұл әткеншекте тербелетін бүлдіршін қыздың суреті. Жанында қазақша "Бәрі жақсы болады" деген жазу жазылған. Тағы бірі — Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 43 мекенжайында орналасқан муралда қолында мемлекеттік туды ұстап тұрған бала бейнеленген. Тағы екеуін жақын арада салу жоспарланған. Олардың бірі Арбаттағы ғимараттың қасбетінде, ойын алаңының жанында пайда болады.

— Арбатта өз қаласының суретін салған қызды бейнелегіміз келеді, — деді "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Әлібек Тұрсынбетов. — Үш муралдың негізгі тұжырымдамасы — балалар. Төртінші сурет қандай болады және ол қайда болады, біз әлі де суретшілермен талқылаймыз, бірақ ол қала орталығында болатыны анық.

Жұмыстарға танымал "Tigrohaud crew" шығармашылық тобы тартылды. Муралдардың авторлары — стрит-арт-суретшілер Ержан Танаев пен Әли Зәкір.

— Картиналар үшін біз жанынан кісі көп жүретін үйлерді және қала тұрғындарының сүйікті орындарын таңдаймыз, — деп қосты Әлібек Тұрсымбетов. — Біз қасбеті нашар көпқабатты үйлерді таңдауға тырысамыз. Ғимаратты бір дегенде жаңартып, әдемі сурет салу үшін. Менің ойымша, егер бұл идея біздің тұрғындарға ұнайтын болса, біз осы бағытта алдағы уақытта да жұмыс істей береміз.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте