Өскеменде аула тұрғындардың жобасы бойынша абаттандырылуда
Қабанбай батыр көшесіндегі 154 аула "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жөнделетін 16 ауланың тізіміне кіреді деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Көпқабатты үйдің тұрғындары ақпан айында ХҚБ аясында ауланы абаттандыруға өтініш берген екен. Жоба мақұлданып, аула осы жазда түбегейлі өзгеретін болды.
— Біздің тұрғындар өте тату және белсенді. Ауланы абаттандыру жобасын өзіміз жасадық, — деді МИБ төрағасы Анна Саверская. — Жөндеуден кейін аулада екі жолақты жол, тротуар, жаңа ойын алаңы пайда болады.
Сондай-ақ, көліктердің ретсіз орналасуын болдырмау үшін автотұрақты өзгерту жоспарлануда.
— Бұл аула қала әкімшілігінің тұрғындармен тиімді жұмысының үлгісі, — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
ТКШ бөлімінің ақпараты бойынша, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 16 аула аумағын қайта жаңартуға 500 миллион теңге бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, бұл нысандардағы жұмыстарды қала күніне орай аяқтау жоспарлануда.

