Өскемен мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
25 мамырда қала әкімі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтау үшін бірнеше оқу орындарына барып қайтты.
Жақсылық Омар "№ 19 қосымша білім беру мектеп-орталығы" КММ, "М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі" КММ, "Ы. Алтынсарин атындағы № 39 орта мектебі" КММ-де болды.
— Қаламыздың 50 мектебінде 1700 түлек мектеп бітіруде. Ата-аналар мен оқушылардың атынан мұғалімдерге еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді, — деп атап өтті Жақсылық Омар.
Айтпақшы, келесі оқу жылында, болжам бойынша, бірінші сыныпқа 6000-ға жуық бала барады, бұл дегеніміз алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда көп.
— Бұл біздің қаламыздың даму көрсеткіші! — деді әкім.
Жалпы ШҚО бойынша 2023/2024 оқу жылында-4000-нан астам түлек бар. Олардың 256-сы "Алтын белгі" белгісін, 413-і ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер.