ШҚО Шемонаиха ауданында найзағайдан шыққан өрт сөндірілді

12 часов назад
Сейчас читают:

2025 жылғы 7 маусымда сағат 16:24-те Зимих орман шаруашылығының 125-кварталы (МКМ «Верх-Уба орман шаруашылығы») аумағында түтін шыққаны тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығуына найзағай себеп болған – ағаштың ұшар басы тұтанып, төсеніш қабаты шала жанған.

Оқиға орнына ТЖД мен Орман шаруашылығының күштері жіберілді. Алғашқы сағаттарда:

  • 49 адам,
  • 7 техника,
  • жылу камерасы бар дрон,
  • 3 спутниктік терминал жұмылдырылды.

Оқиға орнындағы жауапты басшы ретінде УОПиАСР басшысының орынбасары Ж.Ж. Магулов тағайындалды.

Мамандар аумақты әуеден барлап шыққан кезде ашық жану белгілері анықталмады. Таң атқаннан кейін, 8 маусым күні сағат 04:00-де жаяу барлау жұмыстары басталды — Уба өзенінен өту нүктесінен болжамды ошаққа дейін 4 шақырым.

Сонымен қатар, 8 маусымға Ми-2 орман авиациясының тікұшағымен барлау жоспарланған.

Оқиға орнында барлығы:

  • 56 адам,
  • 8 техника,
  • 2 шағын орман өрт сөндіру кешені,
  • дрон,
  • су көліктері мен вахталық көліктер жұмыс істеді.

Өскемен қаласынан қосымша күштер жіберілді: 17 адам, техника, мобильді пункттер және спутниктік байланыс құралдары. Қосымша ретінде тағы 32 адам мен 3 техника резервте дайын тұрды.

Өрт аумағы бар болғаны 10 м².

Өрт ошағы 2025 жылғы 8 маусым күні сағат 06:40-та оқшауланып, 17:00-де толық сөндірілді.

Оттың таралуына жол берілмеді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте