Риддер қаласында «Кәсібі бойынша үздік – 2025» атты инклюзивті аспаздар байқауы өтті

6 часов назад
Сейчас читают:
Риддер қаласында «Кәсібі бойынша үздік – 2025» атты инклюзивті аспаздар байқауы өтті Риддер қаласында «Кәсібі бойынша үздік – 2025» атты инклюзивті аспаздар байқауы өтті
Риддер қаласында «Кәсібі бойынша үздік – 2025» атты инклюзивті аспаздар байқауы өтті

Еңбек мамандықтары жылы аясында Риддер колледжінде студенттер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында инклюзивті аспаздар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға шығармашылыққа, еңбекке және шеберлікке деген сүйіспеншілік біріктірген 22 қатысушы қатысты.

Байқаудың басты мақсаты – адамның мүмкіндігі шексіз екенін көрсету, сондай-ақ еңбек пен шығармашылықтың адамдарды біріктіре алатынын дәлелдеу. Іс-шара әлеуметтік инклюзияны, өзара сыйластық пен көмек көрсетуді, толеранттылықты дамытуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталды.

Қатысушылар өздерінің кәсіби дағдыларын, ұқыптылығын және қиялын көрсетіп, ерекше тағамдар дайындады. Әсіресе, топтық жұмыс пен креативті көзқарасқа баса назар аударылды.

Сарапшылар алқасының төрайымы, «AMANAT» партиясының Риддер филиалының жетекшісі Асем Агажаева:

«Біздің байқау – жай ғана жарыс емес, бұл достықтың, құрметтің және шабыттың алаңы»,-деп атап өтті.

Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама, шығармашылық жұмыстар көрмесі, тағамдар дегустациясы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Бұл игі шара адамның мүмкіндігі шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді!

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте