Өскеменде Ертіс арқылы өтетін жаңа көлік өткелінің жобасы дайындалуда

2 часа назад
Сейчас читают:
Өскеменде Ертіс арқылы өтетін жаңа көлік өткелінің жобасы дайындалуда Өскеменде Ертіс арқылы өтетін жаңа көлік өткелінің жобасы дайындалуда
Өскеменде Ертіс арқылы өтетін жаңа көлік өткелінің жобасы дайындалуда

Жобаны әзірлеу жалғасып келеді: ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл далалық зерттеулер аяқталып, болашақ өткелдің нұсқаларын әзірлеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, көпір өзеннің екі жағалауын байланыстыру және көлік кептелісін азайту үшін Меновное ауданында салынбақшы. Қазір осы бағытта жүретін жүргізушілер Пограничная мен Тоғас көшелерінің қиылысындағы көпір арқылы немесе «қарбалас кезеңде» үлкен кептеліс туатын орталық көпір арқылы өтеді. Жаңа көпір осы бағыттардағы жүктемені азайтып, аудандар арасындағы жол жүру уақытын қысқартуы керек.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, бұл облыстағы ең ұзын және ең кең көпір өткелдерінің бірі болмақ. Өткелдің ұзындығы 834 метрді құрайтын болады, тағы 1181 метр – екі жағындағы кіреберіс жолдар. Жол әрқайсысы 3,5 метр болатын алты жолақтан тұрады. Көлік магистралінің жалпы ұзындығы – 2,35 шақырымға жуық. Көпір Ярославская көшесі мен Алматы трассасының қиылысынан басталып, Серікбаев пен Карбышев көшелерінің қиылысында аяқталады.

Ведомствода атап өткендей, жоба автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болуы үшін жасалған, сонымен қатар тұрғын алаптарынан жұмыс орындарына дейінгі жол жүру уақытын қысқартуға, аудандардың өзара байланысын жақсартуға және альтернативті өткелдер артық жүктемесіз жұмыс істей алатындай етіп көлік ағынын қайта бөлуге арналған.

– Ағымдағы жылдың наурыз айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, – деп түсіндірді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров. – Жобалаушы – «Казахский промтранспроект» ЖШС. Мамыр айында далалық зерттеу жұмыстары аяқталды, қазір бастапқы деректерді жинау жалғасуда, сондай-ақ тұжырымдамалық нұсқалар пысықталу үстінде. ЖСҚ-ны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр, содан кейін облыс құрылысқа бюджеттік өтінім береді.

Алдын ала болжам бойынша, жобаның құны шамамен 115 миллиард теңгені құрауы мүмкін.

Көпір құрылысын жүзеге асыру үшін «Loungian Road and Bridge Co. Ltd» қытайлық компаниясымен меморандумға қол қойылды. Дайындық шаралары уақытылы аяқталса, құрылысшылар келесі жылы өткел құрылысына кірісе алады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте