Өскеменде Ардагерлер кеңесі Тәуелсіздік күніне орай кездесу ұйымдастырды
Бүгін, 15 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында О. Бөкей атындағы кітапханада «Белсенді қоғам – өркенді өмір кепілі» бағдарламасы өтті, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Шараны Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен қалалық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған болатын. Кездесуге ардагерлер, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері және мектеп оқушылары келді. Жиналғандарды Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш, Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахметжанов, қалалық Ардагерлер кеңесінің және Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Олег Фролов құттықтады.
Александр Светаш ақсақалдар мен ардагерлерге, аға буын өкілдеріне ақыл-парасаты, ерен еңбегі мен Отанның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, олардың өмірлік табандылығы мен ісіне адалдығы үшін терең ризашылығын білдірді.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған сыртқы саясаты халықаралық деңгейдегі көптеген мәселелерді шешуге көмектесті. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар барлығымызға болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беруде, – деп атап өтті Александр Светаш. – Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, табыс, бақ-береке және ашық аспан тілеймін!
Кездесу қатысушылары ұрпақтар сабақтастығы, азаматтық белсенділік және тарихи жадыны сақтау мәселелерін талқылады.
Бағдарламаның концерттік бөлімінде «Ақбосаға» ардагерлер хоры мен Өскемен қаласының № 29 орта мектебінің балалар хоры өнер көрсетті.
Ринад Ахметжанов, Олег Фролов, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Сағынбек Ақанов және облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Айтқазы Шерубаев тақырыптық іс-шараға шақырылған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.
Алғыс хат табысталғандардың қатарында:
- Маратбек Рамазанов Айтахметұлы — «Желтоқсан-1986» Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
- Сайлаухан Аухадиев — «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, Тарбағатай, Күршім аудандарының, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданы мен Өскемен қаласының құрметті азаматы;
- Тоқтасын Iзғұттынов — металлургия саласының ардагері;
- Жамантай Қажымұратов — III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, «ӨТМК» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы;
- Валентина Котлярова — «Востокмашзавод» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрайымы;
- Бағдəулет Қайсанов — II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері;
- Ленста Әубәкірова — Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының құрметті азаматы;
- Ануза Жұмаханова — доцент, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ардагерлер кеңесінің төрайымы;
- Любовь Сергиенко — Серікбаев атындағы ШҚТУ ардагерлер кеңесінің төрайымы, қалалық ардагерлер қозғалысының бос уақыт өткізу іс-шараларының көшбасшысы, «ҚР Конституциясына 25 жыл» және «Жеңіске 75 жыл» медальдарының иегері;
- Мария Жұмагұлова — Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ардагерлер кеңесінің төрайымы;
- Ережеп Мамбетказиев — Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Республиканың құрметті ректоры, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының құрметті азаматы;
- Борис Щербаков — жазушы, «Кұрмет» орденінің иегері, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының құрметті азаматы.
София Кузнецова
Автордың фотосы



