Шығыс Қазақстандағы экосаябақтарда бүгінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? ️

3 часа назад
Сейчас читают:
Шығыс Қазақстандағы экосаябақтарда бүгінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? ️ Шығыс Қазақстандағы экосаябақтарда бүгінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? ️
Шығыс Қазақстандағы экосаябақтарда бүгінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? ️

Шығыс Қазақстан облысында экосаябақтар мен демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте облыс орталығы, Ұлан және Глубокое аудандарындағы жобалардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат тыңдалды.

Өскемен қаласында Ертістің сол жағалауындағы «Қайың тоғайы» экосаябағын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдымен аумағы жеті гектарды құрайтын учаске абаттандырылуда. Қазіргі уақытта жұмыстардың шамамен 60%-ы орындалған. Автотұрақ пен пирс салынатын орындар дайындалып, геотекстиль төселіп, қиыршық тас жабыны жүргізілді.

Сондай-ақ аумақ қураған ағаштардан тазартылып, жаяу жүргіншілер аймақтары мен абаттандыру элементтері орнатылуда.

«Шешек» демалыс аймағын абаттандыру жұмыстары аясында автотұрақ аумағы кеңейтіліп, футбол алаңы мен балалар ойын алаңы жабдықталуда. Сонымен қатар беседкалар мен жарықтандыру бағаналары орнатылады. Аумақты көгалдандыру жұмыстары да суару жүйесін пайдалана отырып жүргізілуде. Жұмыстар Глубокое ауданында да қарқынды жүріп жатыр. Таулы Үлбі ауылында жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру жұмыстарының шамамен 70%-ы орындалды. Бұдан бөлек, балалар ойын алаңдары мен абаттандыру элементтері орнатылады. Нұрымбет Сақтағанов жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды және аумақтарды абаттандыру сапасы мен экосаябақтардың тұрғындарға қолжетімділігіне ерекше назар аударуды тапсырды. 

Сондай-ақ аймақ басшысы облыс орталығына жақын орналасқан аудандардағы рекреациялық аймақтарға көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау міндетін қойды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте