Өскеменде сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалды

2 часа назад
Сейчас читают:

Өскемендегі мүгедектігі бар адамдар өз бетінше немесе қажетті көмекпен сайлау құқығын жүзеге асыра алады. Сайлау учаскелерінде көру, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған сайлаушылар үшін арнайы жағдай жасалған, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезінде учаскелердің қолжетімділігін арнайы мониторингтік топтар тексергенін хабарлады. Талаптардың қатарында ғимаратқа кедергісіз кіру және оның ішінде еркін қозғалу мүмкіндігі бар. Ол үшін пандустар, тұтқалар мен көтеру механизмдері қолданылады, ал кіреберістерге көмек шақыру батырмалары орнатылады. Сондай-ақ арнайы тұрақ орындары, тактильді және рельефті нұсқағыштар, қолжетімді навигация және кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін кедергілердің болмауы қарастырылған.

Учаскелерде мүгедектігі бар сайлаушылар үшін арнайы бұрыштар жабдықталады. Онда лупалар, құлаққаптар және ақпараттық материалдар болуы мүмкін. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін кресло-арбасында отырып дауыс беруге мүмкіндік беретін кеңірек кабиналар қарастырылған.

Көру және есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға ерекше назар аударылуда. Көру қабілеті нашар жандар үшін Брайль қарпімен жазылған бюллетень трафареттері, аудиоматериалдар, құлаққаптар және басқа да қосымша құралдар қарастырылған. Ал есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпаратқа бейімделген форматтарда қол жеткізу ұйымдастырылып, учаскелерде ымдау тілі мамандарының көмегі қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, ОСК мәліметінше, 23 тамыздағы сайлау алдында арнайы мониторингтік топтар еліміздің барлық өңірлеріндегі учаскелерді тексерген. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған ескертулердің 98,6%-ы жойылды.

Мира Круль
Елены Бредихинаның фотосы

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте