Риддерде RIDDER EXTREME ENDURO халықаралық фестивалінің ашылуы өтті
Бүгін Риддер қаласында спортшыларды, мотоспорт әуесқойларын және Қазақстанның әр өңірі мен шетелден келген қонақтарды біріктірген алғашқы халықаралық RIDDER EXTREME ENDURO экстремалды мотоспорт фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Фестивальдің жарқын бастамасы Республика алаңында өткен райдерлердің әсерлі көрсетілімдерімен ерекшеленді. Кәсіби шеберліктерін паш еткен спортшылар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адреналинге толы көңіл күй қалыптастырды.
Алдағы үш күнде қатысушыларды Алтайдың таулы аймақтарындағы күрделі жарыс жолдары, тартысты бәсеке, әсерлі спорттық сәттер және мазмұнды фестиваль бағдарламасы күтуде.
RIDDER EXTREME ENDURO – бұл тек ауқымды спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар оқиғалы туризмді дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Риддер қаласының экстремалды туризм мен халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралар өтетін орталық ретіндегі беделін арттыруға бағытталған маңызды жоба.
Барлық қатысушыларға сәтті жарыс, әділ бәсеке және жарқын жеңістер, ал қала қонақтарына Риддерден ұмытылмас әсер тілейміз!

