ШҚО-да мемлекеттік орман қоры аумағына 7,8 миллион көшет отырғызу жоспарлануда

25 мая 2023, 4:03
Сейчас читают:

Орманшының негізгі құралдарының бірі қылыш екенін білесіз бе? Бірақ бұл ежелгі дәуірдегі жаугершілік заманда қарсыласпен қылыштасуға арналған суық қару емес. Бұл көшеттер мен жас өскіндерді отырғызу үшін орманшылардың кеңінен қолданатын – сабы бар күрекке ұқсайтын құрал. Ол — Колесов қылышы деп аталады. 

Қазір орманшылар үшін бағбандар мен бақшашы, диқандар үшін сияқты қауырт кезең. Тек көкөністердің, гүлдердің және жеміс-жидек екпелерінің орнына олардың алқаптарында орман дақылдарының көшеттері өсуде. Сондықтан да, питомниктер үлкен бақшалық бақтарға көбірек ұқсайды. Бір айырмашылығы, орманшылар мемлекеттік маңызды іспен айналысып, орманды қалпына келтіру, көбейту ісіне күш салады. Бұл - олардың мемлекеттік қорды өрттен қорғаудан басқа тағы бір маңызды қызметтерінің түрі.

Айтпақшы, биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан бойынша орман дақылдарын отырғызу және толықтыру өткен жылмен салыстырғанда сәл кешірек басталды. 10 мамырдағы жағдай бойынша 61 гектар жерге 246 мың көшет отырғызылды. Орман ағаштарын толықтыру, (бұл материал егу немесе өлген өсімдіктердің орнына ағаштар мен бұталардың тұқымын себу) жалпы саны 59,4 мың дана көшет 48 гектар алқапқа егілді.

Жасыл желек

— Көктемге дейін біз ұзындығы 20 сантиметрлік пирамидалық теректің шыбықтарын дайындаймыз. Қазір питомникте жер телімдерін жыртып жатырмыз. Біз осы шыбықтар отырғызатын атыздар жасаудамыз. Ең бастысы, олардың ылғалы отырғызар алдында бұтақтарда қалуы керек, әйтпесе олар өнбейді, — деп жұмысының қыр-сырын түсіндірді "Өскемен орман шаруашылығы" КММ Комсомол орманшылығының орманшысы Қуандық Қазкенов.

 Шыбықтарды пленкамен жабудың қажеті жоқ. Ең бастысы - мол суару дейді орманшы. Отырғызылған өскіндерден көшеттер өсіп шығуы үшін шыбықтар бар атыздар жаз бойы суарылады. Орманшылықтың сумен толтырылған өз бөгендері бар, сол жерден питомникке құбыр кіреді.

Шыбықтар отырғызылған атыздар сумен толтырылып, өскіндер біраз уақыт суда тұрып, тәулік бойы топыраққа сіңуі керек. Бір маусымда, яғни, мамырдан қазанға дейін көшеттердің ұзындығы бір метрге жетеді. Көктемнен бастап олар "тұрақты тұрғылықты жеріне", ағаштары жоқ мемлекеттік қордың учаскелеріне көшіріле бастайды. Қазір мемлекеттік қордың аумағына кіретін Глубокое ауданындағы Ертіс өзенінің аралдарында теректер отырғызылуда.

Орман дақылдарының бір бөлігі тұқымнан өсіріледі. Мысалы, Комсомол орманшылығында сібір шыршасы осылай өсірілуде.

— Біз тұқымдарды өзіміз жинаймыз, оларды таңдаймыз, өндіреміз. Жасыл өскін бекіген кезде біз оны жекелей отырғызамыз", — деп түсіндірді орман шаруашылығы маманы.

Көшет отырғызсаңыз, жемісін көресіз

Ағаштар тамыр жайып, өліп қалмас үшін және орман өсіру бойынша барлық ауыр жұмыстар зая кетпес үшін, ағаш егер алдында ғылым қолданылады.

— Бізде орманпатолог маманы бар, ол алдымен көшет отырғызу жоспарланған аумақты, топырақты зерттейді, жағдайды зерделейді, — деп жалғастырды сөзін Қуандық Қазкенов. — Көшет отырғызу уақыты - ерте немесе кеш шыққан көктем. Жерден қар еріп, орманға жолдар ашылғаннан кейін трактор мен соқаның көмегімен жер жыртылады.

Мемлекеттік орман қорына көшет отырғызумен орман шаруашылығы қызметкерлері айналысады. Жұмыс Қуандық Қазкеновтың айтуынша, Колесовтың қылышымен топырақта ойық жасалып, көшет отырғызылатын шұңқыр қашалады. Бұл жағдайда тамырларға өте мұқият болу керек, олар бұралып, бүгіліп қалмауы керек. Көшеттің мойны осы шұңқырдың жоғарғы деңгейінде орналастырылған. Содан кейін Колесов қылышымен түбінен тағы бір тесік жасалып, шұңқырдың түбін тығыздау, тамырдың түбін бекіту жүргізіледі. Оған ауа кірмеуі үшін көшеттің айналасындағы жер нығыздалады. Аталған құралдың көмегімен оның жоғарғы бөлігі де бекітіледі.

Қуандық Қазкенов көшеттер тек қолмен ғана емес, техниканың көмегімен де отырғызылатынын айтады. Бірақ, Комсомол орманшылығында мұндай тәсіл  қолданылмайды, өйткені мұнда жетуі қиын жерлер көп.

ШҚО-ның әрбір орман шаруашылығында питомниктер бар, онда олардың жеріне тән ағаштардың көшеттері өсіріледі. Атап айтсақ, қарапайым қарағай, сібір шыршасы, балқарағай мен шырша, қайың, терек, көктерек. Қуантарлығы питомниктердің аумағы үнемі кеңейіп отырады.

— Черемшан орман шаруашылығында үлкен, республикадағы ең жақсы питомниктердің бірі орналасқан, — дейді "Черемшан орман шаруашылығы" КММ ардагері Юрий Федоров. — Біз әрқашан өз күшімізбен орманды қалпына келтірумен тұрақты айналыстық. Тұқым жинаудан, суарудан бастап орманға ағаш отырғызуға дейін маңдай тердің арқасы. Бұл жерлерде шырша, қайың және көктерек өседі. Қарағай бар, бірақ олар жасанды екпелер.

Табиғатқа көмектесу

Әрине, орманның өзін-өзі қалпына келтіру қабілеті бар: ағаштар тұқымдарды тастайды, өздері тозаңданады және өседі. Ал орманшылар ағаш кесу немесе өрт болған жерлерде көшет отырғызумен айналысады. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері табиғатқа осылай көмектеседі. Биология ғылымдарының докторы Елена Борисенконың айтуынша, 2021 жылдың мамырында жойқын өрттен зардап шеккен Риддер орманындағы өрт ауыздықталған соң орнына егілген жасыл желек жетіліп, 10-15 жылдан кейін ну орманға айналады. Естеріңізге сала кетсек, екі жыл бұрын өрт 276,4 гектардан астам орманды жалмап, 35 тұрғын үйді отқа орап, екі адамның өмірін қиған еді. Шығыс Қазақстан аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы хабарлағандай, Риддердегі өрттен келтірілген залал 252,4 миллион теңгеден асқан.

Сондай-ақ, орманды тиімді қалпына келтіру үшін, дейді Юрий Федоров, қартайған ағаштарды кесу керек. Әйтпесе, олар кәріліктен құлап кетеді. Шығыс Қазақстанда қартайған орман көп. Мұның бір себебі, жолдардың жоқтығы, ал ағаш кесушілердің жол салуға қаражаты жеткіліксіз. Черемшан орман шаруашылығында шамамен 30-40 пайыз (бұл орманға зиян келтірмей кесуге болатын текше метр) кесілген. Қазір жағдай онша өзгерген жоқ, өйткені дайындаушылардың күші онша көп емес, дейді Юрий Федоров.  

Оның айтуынша, ағаш кесушілер орманды егуге және қалпына келтіруге де қатысады. Олардың жоспары, орындауы тиіс келісім-шарттық міндеттемелері бар.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" халыққа Жолдауында бес жыл ішінде орман қорына екі миллиард ағаш отырғызуды тапсырды. Ол үшін 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді. Бұл іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен 431 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда егу көлемі үш есеге жуық артып келеді.

Орман шаруашылықтары жұмысының маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет соңғы жылдары жаңа техника, жабдық сатып алуға, орманды қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлуде.

— Орман шаруашылығын қамтамасыз ету мен қаржыландыру айтарлықтай жақсарды, — деп атап өтті Юрий Федоров. — Мен Черемшан орман шаруашылығында жұмыс істей бастағанда, бізде тіпті қызметтік машина да болған жоқ еді. Біздің орман шаруашылығы 90 мың гектар аумақты алып, онда 49 адам жұмыс істегенімен, ештеңесі жоқ болатын. Бірте-бірте бізге қызметтік және өрт сөндіру машиналары бөліне бастады. Осылайша, барлық орман шаруашылықтары бойынша жағдай түзеле бастады.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, соңғы алты жылда облыстық бюджеттен орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға екі миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Ольга Ушакова

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте