Қантты экспорттауға уақытша тыйым салынды

13 мая 2022, 3:58
Сейчас читают:

Қазақстан ақ қант пен шикі құрақ қантты сыртқа шығаруға алты айға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылдың 4 мамырында шығарды.

Үкімет ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған тыйымның енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлауды тапсырды.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстанда тұтынылатын қанттың 58 проценті шетелден әкелінетінін хабарлаған болатын. Тамыз айының соңына дейін республикаға 250 мың тонна қантты ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден кедендік баж салығынсыз әкелуге болады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте