Өскемен қаласында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

4 мая 2023, 8:38
Сейчас читают:

Еліміздің шығысында бүгінде көптеген мамандықтар бойынша жұмыс қолына мұқтаж. Колледждер мен ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмыс берушілердің өздерінің болашақ қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. 27-28 сәуірде Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында «Қалалар мен аудандар күндері» облыстық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 

Қайшылықты мәселе

Бүгінде ШҚО-да 18-35 жас аралығындағы 185 мың жас тұрады, бұл дегеніміз - облыс халқының 25,3 пайызы. Дегенмен, өңірімізде жұмыс қолының тапшылығы мәселесі өзекті. Ал жас мамандардың жұмысқа орналаса алмауы жұмысшылар тапшылығымен қатар жүретін қайшылықты мәселе. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9 пайыз болса, бұл көрсеткіш республика бойынша оннан бір бөлікке төмен.

1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстың салдарынан жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіргеннен кейін түлектерді жұмысқа бөлу  тәжірибесі тоқтады. Жастар жұмыстаңдау кезінде нарықтың қажеттіліктері туралы өз ұстанымдарын басшылыққа ала бастады. Нәтижесінде инженерлерді, экономиканың нақты секторының мамандарын, педагогтар мен дәрігерлерді даярлаудың орнына жаппай заңгерлер мен экономистерді дайындау үрдісі белең алды. Дипломды мамандық бойынша жұмыс істеу үшін емес, бедел үшін алу дәстүрі қалыптасты.

Тағы бір маңызды мәселе техникалық және кәсіптік білім беру дағдарысы туындады. Көптеген мектеп түлектері сұранысқа ие жұмысшы мамандығын колледжде игерудің орнына қандайда болсын жоғары оқу орнынан диплом ала салуды жөн санады.

— Шығыс Қазақстан облысында негізінен педагогикалық және медициналық саланың білікті кадрларына қажеттілік жоғары, — дейді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова. — Әсіресе, мұғалімдер (педагог-психолог, қазақ, ағылшын, дене шынықтыру, тарих, еңбек және т. б. мұғалімдері). Медицина қызметкерлерінің арасында дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жетіспейді. Бухгалтерлердің, тәрбиешілердің, электрмонтерлердің, электр және газбен дәнекерлеушілердің, бағдарламашылардың, сондай-ақ механизаторлар мен ветеринарлық дәрігерлердің тапшылығы да байқалады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында кадрларға деген сұранысқа қарамастан, соңғы жылдары осы бағыт бойынша оқуға түсуге ниет білдіретін талапкерлердің аздығы байқалады. Өңірдегі білікті кадрлар тапшылығының себебі: бірқатар мамандықтардың жастар арасында танымал болмауы,сондай-ақ, тұрғындардың, әсіресе жастардың ірі қалаларға жұмысқа кетуі.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша, жоғары білімі бар мамандар арасында бүгінде химиктер, ядролық физиктер, ақпараттық жүйелер және компьютерлік мехатроника мамандары қажет. Құқық саласында криминалистер, судьялар мен прокурорларға сұраныс бар.

Жоғары білімді жергілікті оқу орнынан алу

Облыс басшылығы бірнеше жылдан бері жастардың, соның ішінде диплом алғаннан кейін көбіне қайтып келмейтін жастардың шетелде білім алуы мәселесіне назар аударуда. ШҚО-да "білім беру" көші-қонын төмендету үшін 2017 жылдан бастап тұрғылықты жері бойынша жоғары білім алуға қолжетімділікті едәуір Кеңейткен "білімді маман" жобасы жұмыс атқара бастаған. Алты жыл ішінде жергілікті бюджеттен өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға 2306 білім гранты бөлінді. 2023 жылы білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, құрылыс мамандықтары және ауыл шаруашылығы саласы бойынша 270 білім беру грантын бөлу жоспарлануда. Осы жоба аясында оқуға түскен студент оқуды бітіргеннен кейін үш жақты шарт негізінде облыста кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

— 2022/2023 оқу жылына облыстық бюджет есебінен өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, кадрлар даярлауға 5156 орын бөлінді, оның ішінде жұмысшылар біліктілігі бойынша 1920 орын: атап айтқанда, ғимараттарды пайдалануға беру және құрылыс салу бойынша, токарлық іс, ауыл шаруашылығын механикаландыру, электр жабдықтары, тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, жиһаз өндірісі және т.б, — деп хабарлайды ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Біз сіздерді күтеміз!

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу есебінен облысымызға қажетті жұмыс қолын сақтап қалуға болады. Бұл үшін ЖОО немесе колледжді бітірген жастар өздерін қайда күтіп тұрғанын білуі керек. Ал бұл міндетті жыл сайын қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыратын облыстық босжұмыс орындары жәрмеңкесі атқарады. 2023 жылы өткен жәрмеңкеге екі күнде 400-ге жуық адам қатысқан. Өскемендік жоғары оқу орындары мен колледждерінің соңғы курс студенттері үшін еңбек нарығындағы өз қажеттіліктерін Риддер, Алтай және Самар, Глубокое, Шемонаиха, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан аудандарының жұмыспен қамту орталықтарының, шаруа қожалықтары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері алға тартқан еді. Облыс орталығында да кадрларға деген жоғары сұраныс бар екендігі айқын.

— Бүгінгі таңда жұмыспен қамту қызметінің базасында 392 кәсіпорыннан 1889 ашық бос жұмыс орны бар, — дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит. — Бірақ бұл enbek.kz  электрондық еңбек биржасының базасына енгізілгендері ғана. Өскемендегі еңбек нарығындағы сұраныс әлдеқайда жоғары. Өндіріс салаларында 252 маман, көлік және логистика салаларында — 180, білім беру саласында — 124, сауда саласында — 132 маман қажет. Қала бойынша ең көп сұранысқа ие медицина қызметкерлері - 107, оның ішінде 45 медбике мен бес акушер. Бізге мұғалімдер де керек. Қазір қала мектептерінде 26 бос жұмыс орны бар. Қоғамдық көлікке 40 жүргізуші қажет. Қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін "Таза Өскемен" кәсіпорнына 19 адам қажетттілігі бар. Оның ішінде, электромонтерлер, заманауи жүк көліктерінің жүргізушілері, слесарь-жөндеушілер, электрмен дәнекерлеушілер.

Жастар өңірдегі барлық бос жұмыс орындарымен қайда және қалай танысуға болатындығы туралы мол мағлұмат алды. Тиісті деректер enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында да бар.

Отанға қызмет ету

Бүгінгі таңда тек өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана сапалы және жауапты кадрларға мұқтаж емес. Кадр мәселесі тіпті мемлекеттік мекемелерде де өзекті.

— Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдардың негізгі үлесі бүгінде аудандық деңгейге тиесілі. Біздегі басшылық есем 188 бос жұмыс орнының 150- і аудандарбойынша екендігі бұған дәлел, — дейді ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнұр Мұстафина. — Бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарға жұмысқа орналасуға, оның ішінде мемлекеттік лауазымдарға орналасу мүмкіндіктерін түсіндіру үшін өткізіледі.

Биылғы жылдан бастап "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуды сәтті аяқтаған ЖОО түлектері конкурстық рәсімдерді өткізбестен қалалық, аудандық және ауылдық мемлекеттік органдарға басшылық етпейтін лауазымдарға тағайындалуы мүмкіндігі берілмек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке аудандық және ауылдық деңгейде түсу талаптары жеңілдетілді. Колледж түлектерінің де мемлекеттік қызметке орналасуға толық мүмкіндігі бар.

Соңғы курс студенттері Ұлттық гвардияға немесе әскери училищелерге оқуға түсу мүмкіндіктері туралы аса қызығушылықпен сұрастырды. Отанға әскери қызмет атқара жүріп қызмет жас жігіттерге аяғынан нық тұруғажәне де алдағы уақытта отбасын қамтамасыз етуі үшін ұтымды ұсыныс болуы мүмкін. Осы ретте, болашақ үміткерлерді әскери қызметке кіру мүмкіндіктерімен таныстыруға бірден бірнеше әскери бөлімдердің және Шекара қызметі департаментінің өкілдері арнайы келді.

— Біз де бүгін жәрмеңкеге қатысып жатырмыз, — дейді Ұлттық гвардияның 5518 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары Серік Ноғаев. — Бізде жүргізуші құрамға, медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ бөлімше командирлері мен әскери наряд бастықтары лауазымдарында бос орындар бар. Сонымен қатар, біз қосымша Петропавловск қаласындағы Ұлттық гвардия академиясына түсуге ниет білдірген жастарды қабылдаудамыз. Академияға түсуге қойылатын талаптар: 18 жастан 24 жасқа дейін, Қазақстан Республикасы азаматының куәлігі және ҰБТ тапсырғандығы туралы сертификат (шекті мәні — 50 балл).

 Сондай-ақ, орта арнаулы және жоғары білімі барларды келісімшарт бойынша қызметке қабылдаймыз. Лауазымына байланысты жалақы 130-дан 300 мың теңгеге дейін және тұрғын үй жалдауға ай сайынғы ақшалай үлес-отбасының әрбір мүшесіне 42 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар, әлеуметтік пакеттер, отбасының барлық мүшелерін тегін медициналық сақтандыру, еңбек сіңірген жылдарына байланысты 30-дан 50 күнге дейін демалыс қарастырылған.

Өз-өзіңді табу

Түлектер аудандық жұмыспен қамту орталықтарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, әскери бөлімдердің өкілдері отырған үстелдер басында бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Болашақ жұмысына орналасуға деген зор құлшыныспен келген жастар кездесуге сақадай-сай келген екен. Түлектер болашақ жұмыс берушілеріне ұсыну үшін дайын түйіндемелерін бумалап әкелген. Жастарға бұл жақсы мүмкіндік. Согра ЖЭО өкілдері отырған үстелдің жанында адам ерекше көп жиналды. Бірнеше минут ішінде кәсіпорын өкілдерінің алдында электрик студенттердің түйіндемелерінің мол таңдауы жиылып қалды. Сонымен қатар, кәсіпорынға машинистер, шолушылар, қазандықшылар, слесарлар қажет.

Nalyk Bank қызметкерлері жәрмеңкеге бағдарламашы маманды іздеп келіпті. Банкке кассирлер, кеңесшілер, менеджерлер, қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін аудармашылар қажеттілігі зор. Риддер қаласы дәрігерлерге зәру: биыл қалада тағы бір емхана ашылса, ал келесі жылы жаңа жабдықтары бар тағы бір жаңа стационар ашылмақ. Мұғалімдер де қажет. Глубокое ауданы да мұғалімдер іздеуде. Қазіргі уақытта тоғыз мұғалімнің бос орны болса, оқу жылының соңында көптеген тәжірибелі мұғалімдер зейнетке шығады екен. 1 қыркүйекке қарай бос жұмыс орындарының саны отыз шақты болмақ.

Жәрмеңке шынымен жұмыс істегісі келетін жастарды көруге деген жақсы мүмкіндік болды. Студенттер жұмысқа орналасу жолдары туралысұрақтарына жауап алды, ал жұмыс берушілер үміткерлердің жеке базасын жасау мүмкіндігіне ие болды.

Ирина Плотникова

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте