2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа Әлеуметтік кодекс күшіне енеді
ҚР жаңа Әлеуметтік кодексіне ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Құжат 2023 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Осы сәттен бастап кодексте жазылған инновациялардың басым бөлігі қолданысқа енгізіле бастайды*.
Осылайша, қазақстандықтарға бірлесіп жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады. Бұл екі немесе одан да көп адамды бір жұмыс орнына қабылдайтын жаңа формат.
— Мысалы, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектер бар. Яғни, олардың жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан артық емес. Ал жұмыс берушіге жұмыс толық көлемде атқарылуы қажет. Тиісінше, ол енді бір лауазымға екі адамды қабылдай алады, ал осы адамдар арасындағы міндеттер бөлінеді, — деп түсіндірді ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Шығыс Қазақстан филиалының бас сарапшысы Евгения Балабина.
Кәмелетке толмағандар, отбасылық міндеттемелері бар адамдар (бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдер) және толық жұмыс істей алмайтындардың барлығы да осы қағида бойынша жұмысқа орналаса алады. Бірлескен жұмысқа орналасу кезінде төлем жұмыс істеген уақытқа пропорционалды түрде есептеледі. Мұндай шарттарда жұмыс беруші осындай жұмыс форматына келіскен жағдайда ғана жалдауға болады.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады. Егер жұмыс беруші де, қызметкерлер де келіссе, қысқартылған форматқа ауысуға болады. Бұл жағдайда аралас жұмыс нұсқасы қолайлы екендігін атап өткен жөн. Бұл кезде адамдар аптасына төрт, содан кейін алты күн кезектесіп жұмыс істей алады.
— Төрт күндік жұмыс аптасын енгізу барлық жұмыс берушілер қызметкерлерді осындай жұмыс режиміне ауыстыруы керек дегенді білдірмейді. Мұның бәрі ұйымның саласы мен ерекшеліктеріне байланысты, — дейді Евгения Михайловна. — Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс аптасының ұзақтығы 40 сағатты құрайтынын бірден атап өткім келеді. Егер ұйым төрт күндік жұмыс кестесіне толығымен көшуді шешсе, сәйкесінше, сегіз сағаттық жұмыс күнінің орнына қызметкерлерде он сағаттық жұмыс күні және үш күндік демалыс болады.
Бұл кімге қатысты? Бұл жұмыс күнін ұзарту арқылы қосымша демалыс алғысы келетіндердің барлығына қатысты дер едік. Бірақ барлық ұйымдар мұндай кестені ала алмайды.
— Балабақшаны алайық. Педагогтар үш күн демалу үшін күніне 10 сағат жұмыс істегісі келуі мүмкін. Тек балабақша төрт күндік аптаға ауыса алмайды, өйткені ата-аналары аптасына кемінде бес күн кесте бойынша жұмыс істейтін балалар болады. Яғни, балабақша сияқты ұйымдардың төрт күндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін емес, — дейді Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институтының Шығыс Қазақстан филиалының бас сарапшысы.
Жылжымалы жұмыс кестесі — кодексте жазылған жаңалық бірі. Бұл - ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер үшін маңызды. Инновацияның мәні-жұмыс аптасындағы жұмыс күнінің әр түрлі ұзақтығы.
— Бұл ретте ауысымның ұзақтығы 11 сағаттан аспауы тиіс. Бұл қалай десеңіз. Мысалы, дүйсенбіде қызметкер бес сағат, ал сейсенбіде 11 сағат жұмыс істейді. Мұнда жұмыс беруші тоқсандағы жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануы керек. Егер ұзақтығы бірдей ауысымдық жұмыс кезінде жиынтық есеп бір жылдан аспайтын мерзімде қолданылса, онда жылжымалы кесте жағдайында бір тоқсан шегінде шектеу енгізіледі, — деп атап өтті Евгения Балабина.
Алатын ақша
2023 жылы елде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе аурухана парағы деп аталатын жәрдемақы мөлшері арттырылмақ. Қазір бұл парақтарды төлеу орташа жалақы есебінен жүргізілгенімен, бірақ айына 15 АЕК (51 750 теңге) аспайтын.
Ал, 1 шілдеден бастап еңбекке уақытша жарамсыздық парағының ең жоғары төлем мөлшері 25 АЕК (86 250 теңге) жеткізіледі.
— Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша еңбекақының 100 пайызы мөлшерінде жәрдемақыны бізде әлі де кәсіптік аурулары, еңбек жарақаттары бар адамдар, сондай-ақ ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдар алатын болады, — дейді Евгения Михайловна.
Мұдан басқа, әлеуметтік кодекс аясында келесі жылы Қазақстандағы қызметкерлер қосымша зейнетақы төлемін ала бастайды.
— Бүгінде Республика бойынша 2,2 миллион адам зейнетақы алады. Оның ішінде 1998 жылдың қаңтарына дейін 398 мыңға жуық азаматқа төлемдер тағайындалған. Олар зейнетақының жоғарылатылған мөлшерін, шамамен 120 000-130 000 теңгеден алады, — деп түсіндірді ШҚО Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары Марина Шаронова. — 1998 жылдың қаңтарынан кейін тағы 1,9 миллион зейнеткерге төлемдер тағайындалды. Олардың зейнетақы мөлшері әлдеқайда төмен. Неліктен бұлай болды? Біріншіден, 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің төмендеуі әсер етсе, екіншіден, бұл зейнеткерлердің БЖЗҚ - ға қатысу өтілі де аз, сәйкесінше төлемдері де аз.
Теріс пікірдің орнын толтыру үшін елде бірқатар шаралар қабылданып, оның ішінде базалық төлемдердің мөлшері ұлғайтылды. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс атқарушылардың зейнетақы жинақтарына жұмыс берушіден 1,5 пайыз мөлшерінде төлемдер қосылатын болады.
— Кірістен бір жарым пайыз есептелетін болады. Ақша шартты түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне түседі. Міндетті зейнетақы жарналары жағдайында қызметкерлердің жалпы табысы азаймайтындығын ескерген жөн, — деді Марина Валерьевна.
Бес жыл ішінде бұл төлемнің мөлшерін ең жоғары бес пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
— Бір шарты: жинақтаушы зейнетақы жүйесі бес жыл ішінде жұмысын атқара бастайды. Яғни, бұл төлемдер өтуі үшін алдымен қандай да бір соманы жинақтау қажет, — деп атап өтті ШҚО бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары.
Марина Шаронова: жаңа құжат күшіне енгеннен кейін көптеген заңдардың күші жойылады. Қазақстандықтардың барлық базалық әлеуметтік құқықтарын реттейтін жалғыз дереккөз қалады. Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін түсіну бірнеше есеге жеңілдемек.
— Кодекс баспа бетіне басылып шығады. Мен сіздерге халық үшін қарапайым тілде жазылған осы кітаппен танысып шығуға кеңес беремін. Онда нақты қай төлем қалай тоқтатылып, қайта қалай төленетіндігіне дейін тайғатаңба басқандай көрсетілген, — деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары.
Елизавета Седых
* Кейбір инновациялық жаңалықтар іс жүзінде қолданыста. Мысалы «Отбасының әлеуметтік картасы» өткен жылы пилоттық режимде іске қосылған. Кодексте көрсетілген бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін арттыру өзгерісі де сәтті жүзеге асырылуда.