2026 жылы ШҚО-да фестивальдар, айтыстар мен мерекелер өтеді

4 часа назад
Сейчас читают:
2026 жылы ШҚО-да фестивальдар, айтыстар мен мерекелер өтеді 2026 жылы ШҚО-да фестивальдар, айтыстар мен мерекелер өтеді
2026 жылы ШҚО-да фестивальдар, айтыстар мен мерекелер өтеді

Шығыс Қазақстанда биыл халықаралық фестивальдардан бастап, республикалық деңгейдегі айтыстар мен отбасылық мерекелерге дейінгі ауқымды мәдени бағдарламаны ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралардың көбі өңірдің визит картасына айналып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, шет елдерден келген қатысушылар мен қонақтардың басын қосуда.

Өткен жылғы фестивальдік-туристік маусымның қорытындысы жайында ШҚО-да «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» Республикалық кеңесінің көшпелі отырысы барысында айтылды. Онда мәдениетті дамыту бағыттары мен облыстың туристік әлеуетін арттыру жолдары талқыланған болатын. ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасенов өңіріміздің визит картасына айналып, туристерді өзіне тарта алатын іс-шаралар туралы айтып берді.

Қысқы туристік маусымның ең жарқын оқиғаларының бірі алғаш рет ұйымдастырылған «Бұқтырма балықшысы – 2025» фестивалі болды. Тұрғындар мен қонақтар жарысқа қатысып қана қоймай, табиғат аясында уақыт өткізіп, Бұқтырмадағы қысқы демалыстың ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігін алды.

Өткен жазда Катонқарағайда ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі нағыз айтулы оқиғаға айналды. 10 мыңға жуық көрермен тамашалаған ашық аспан астындағы үлкен сахнада өткен әсерлі кешкі шоудан бөлек, фестиваль аясында ақындар айтысы, поэзия фестивалі және ұлттық ойындар чемпионаты өткізілді. Фестивальге түркі әлемінің халықтары тұратын 11 елдің өкілдері қатысқан. Әртістердің ерекше өнері жиналған қауымға тарихи тамырлары ортақ екенін еске салды. Осыдан бөлек шараға келген туристер Алтайдың қайталанбас табиғатына тамсанып, ұмытылмас әсер алды.

Бүркітшілік өнерін насихаттауға бағытталған «Шығыс салбурыны» күзгі фестивалі де көпшіліктің есінде сақталды. Оған 140 бүркітші қатысып, ежелден келе жатқан құсбегілік өнерді дәріптеуге атсалысты. Аталған шара қазақстандық саятшылардан бөлек, Моңғолия, Венгрия, Испания, Ресейден келген құсбегілердің басын қосты.

Қыс мезгілінде отбасылық демалыс үшін ұйымдастырылған «Аяз ата, Ақшақар – 2025» фестивалі балалар мен ересектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Биыл мәдени бағдарлама жалғасын тауып қана қоймай, одан ары кеңейтілетін болады. Өңірде халықаралық фестивальдар, республикалық деңгейдегі айтыстар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған арнайы жобалар өтеді. Солардың ішінде өткізіліп жатқан шаралардың бірі – үздік ақындар бақ сынайтын «Алтайым алтын – бесігім» командалық айтысы.

Жиын барысында туристер асыға күткен шараның өтетін күні жария етілді. Әсіресе оны өткен жазда өз көзімен көру бақыты бұйырғандар үшін бұл маңызды жаңалық болды. 10-11 шілде аралығында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыка фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар бұл фестиваль көпшіліктің назарын аударып, өңірімізге деген ерекше қызығушылықты оятатын негізгі іс-шаралардың біріне айналатынына сенімді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте