Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді

3 часа назад
Сейчас читают:
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді

Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте