Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды

6 часов назад
Сейчас читают:
Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды
Қазақстанда бүкіл ел бойынша ауыл балаларының басын қосқан IQanat 2025 Олимпиадасының І туры аяқталды

Биыл бұл кезеңге оқушылардың рекордты саны — еліміздің 170 ауданы мен 3300 ауылынан 64 000-нан астам сегізінші сынып оқушысы қатысты.

Олимпиаданы ұйымдастыруда 1100 аламни және IQanat волонтерлері — түлектер, мектеп оқушылары және өткен жылдардағы финалистер маңызды рөл ойнады. Олар тіркеу жұмыстарына көмектесіп, қатысушыларды қарсы алды, оқушылардың көшіріп жазбауын қадағалап, балаларды өз күшіне сенуге ұмтылдыратын қолдау мен сенімділік атмосферасын қалыптастырды. Бұл — жобаның «giving back» қағидасымен үндесіп жатыр. Оның аясында жобаның бұрынғы қатысушылары жас үміткерлерге өз жолын жүріп өтуге көмектеседі.

Жобаның әр жылдардағы қатысушыларының арасындағы байланыс — IQanat-тың ең құнды дәстүрлерінің бірі. Түркістан облысы Шолаққорған ауылында туған ағайынды Сұлтанмұраттардың оқиғасы соның жарқын мысалы бола алады.

Ағайындылардың кішісі Қазбек Ы. Алтынсарин атындағы ауыл мектебінің 8-сыныбында оқиды және биыл Олимпиадаға қатысып жатыр. Ол білім сайысына ағасына еліктеп қосылып, оның ізін басуды ұйғарды. Ағасы Жақсылық өткен жылы Олимпиаданың үш турынан да сәтті өтіп, топ-100 жеңімпаздың қатарына ілінді де, Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқуға грант жеңіп алды. Қазір ол үздік халықаралық бағдарламалар бойынша 10-сыныпта білім алып жатыр. Бұл — ағайындылардың отбасы үшін үлкен көмек, өйткені, балалардың мектептегі оқу, жатын және өзге де шығындарын IQanat жобасының қамқоршысы болған кәсіпкерлер өз мойнына алады.

«Қазір ағам IQanat-та оқиды, біз жиі хабарласып тұрамыз. Ол сабақтың қалай керемет өтетінін, мектептің көл жағасындағы орманда орналасқанын, жиі сейілге шығатындарын және мұғалімдер мен сыныптастары туралы көп әңгімелейді. Бұл мені де қатты ынталандырады. Оған қоса, ағам менің оқуыма көмектесіп, ақыл-кеңесін аямайды. Тіпті, Олимпиаданың І турына дайындалуға да көмектесті. Бұрын біз бірге тұрып, бірге өскен едік, ағаммен қайта бірге болу — мен үшін IQanat-қа түсуге шабыт беретін себептердің бірі», — дейді Қазбек Сұлтанмұрат.

Мұндай отбасылардағы балалар үшін ауылдағы өмірдің беретін мүмкіндіктері көп емес: репетитор да, үйірмелер де, керемет мектептер де жоқ. Оларда бары — бір-бірінің қолдауы мен өмірдегі үлкен мақсаттарға жетуді көздейтін арман ғана. Сондықтан, IQanat Олимпиадасы сыйлайтын мүмкіндік айрықша маңызды: ол балаларға өзін көрсетіп, өз өмірінің траекториясын өзгертуге көмектеседі.

Олимпиаданың үш турынан да сәтті өткен жеңімпаздар меценаттардың есебінен Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқи алады немесе олимпиададан кейінгі үш жылдық сүйемелдеу бағдарламасына қабылданады. Мұнда балаларды ҰБТ және халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін тереңдетіп оқытып, ІТ, кәсіпкерлік және заманауи soft skills дағдыларын дамытады. Мұның бәрі жақсы жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға көмектеседі.

Бүгінде IQanat — ауыл балаларының өз әлеуетін ашып, дамытуына көмектесетін мақсаты бір 240 кәсіпкердің қауымдастығы. Жобаның арқасында IQanat түлектерінің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің үздік жоғары оқу орындарына грант негізінде түсіп, бүгінде әлемнің 19 елінде білім алып жатыр. Олар — арман мен жігер кез-келген жағдайдан да күшті екенінің жарқын дәлелі.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте