Қазақстандықтардың жаңа буыны қандай болуы керек? ШҚО-да бұл сұраққа жауап ізделді

3 часа назад
Сейчас читают:
Қазақстандықтардың жаңа буыны қандай болуы керек? ШҚО-да бұл сұраққа жауап ізделді Қазақстандықтардың жаңа буыны қандай болуы керек? ШҚО-да бұл сұраққа жауап ізделді
Қазақстандықтардың жаңа буыны қандай болуы керек? ШҚО-да бұл сұраққа жауап ізделді

Шығыс Қазақстан облысында ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған өңірдегі қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары бастаған 50-ден астам адам қатысты. 

Жиынды өз сөзімен ашқан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ардагерлердің қоғамдағы маңызды күш болып қала беретінін, олардың жастар тәрбиесінде, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда және қоғамдық келісімді сақтауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. 

«Біз ардагерлер қауымымен тұрақты түрде кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылаймыз әрі олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесіне әрдайым сүйенеміз. Бүгінде облыстық ардагерлер ұйымы 130 мыңнан астам адамды біріктіріп отыр. Қалалар мен аудандарда 500-ге жуық бастауыш ардагерлер ұйымы табысты жұмыс істеп келеді. Олар аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосуда», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

ШҚО әкімі облыста аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда аймақта 175 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда зейнеткерлер спортпен шұғылданып, шығармашылықпен айналысады, жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, белсенді өмір салтын ұстанады. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов ардагерлер ұйымдарының жұмысына негіз болатын жеті басым бағытқа тоқталды. Олар – аға буынға құрметті нығайту, жастар арасында кітап оқуды насихаттау, тарихи жадыны сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық болмысты нығайту, адал әрі жасампаз ұрпақ тәрбиелеу, зиянды әдеттер мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу. 

«Елдің болашағы балаларымызға қандай құндылықтарды сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ардагерлер жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарып, үлкенге құрметті, кітапқа, еңбекке, туған ел мен оның тарихына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы тиіс. Осындай құндылықтар арқылы біз жасампаз ұрпақты тәрбиелей аламыз», – деді ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Кездесу соңында марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен Катонқарағай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Қызыров, Глубокое ауданы Краснояр ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нина Ершова және Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Әлімхан Оразаев марапатталды. Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте