Бұқтырма су қоймасының жағалауында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейд өткізілді

час назад
Сейчас читают:
Бұқтырма су қоймасының жағалауында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейд өткізілді Бұқтырма су қоймасының жағалауында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейд өткізілді
Бұқтырма су қоймасының жағалауында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейд өткізілді

2026 жылғы 6 тамызда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының жағалауында кешенді профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Рейд барысында демалушылармен суда өзін-өзі ұстау қағидаларын қатаң сақтау, кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделгені түсіндірілді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі бойынша 3 азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Өңірдегі су айдындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте