ҰБТ-2024: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

14 мая 2024, 6:26
Сейчас читают:

Өскеменде "Ертіс концерт" КМҚК (ОМС) Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 750 түлегі ҚР ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаевпен кездесті.

Сұхбат алаңы барысында Руслан Емелбаев жоғары білім беру тақырыбын, еңбек нарығындағы трендтерді, сондай-ақ алдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) негізгі аспектілерін атап өтті.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ — жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптарының білім алушылары үшін; республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу және т. б. үшін ағымдағы жылғы орта білім беру ұйымдарының түлектері үшін өткізіледі.

ҚР ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі 2024 жылы бейіндік пәндер бойынша жоғары баллдың шегі ұлғайғанын айтты — қазір ол 45 балдың орнына 50 балды құрайды, себебі бұл талапкерлердің болашақ мамандығын анықтайтын бейіндік пәндер. Міндетті "Математикалық сауаттылық" және "Оқу сауаттылығы" пәндері үшін шекті балл 10 баллға дейін төмендеді.

Сонымен қатар, су тасқынына байланысты еліміздің кейбір аймақтарында ҰБТ 12 шілдеге дейін ұзартылды. Қазақстанның қалған облыстарында мерзімдер өзгеріссіз қалады.

— Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы не білу керексіздер? — деді Руслан Емелбаев облыстың бітіруші сынып оқушыларына. — ҰБТ-ны бес рет тапсыруға болады. Әр пәннің өзіндік шекті баллы бар, ол жыл сайын өзгеріп отырады. Есіңізде болсын, кейде мұны істеу оңай, бірақ үйрену қиын. Түлектерге мұғалімдер мен ата-аналардың үмітін ақтап, оқығысы келетін мамандықты дұрыс таңдап, грантқа түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, нәтижесінде ЖОО қабырғаларынан өздеріне ғана емес, өз аймағына, еліне де пайда мен өркендеу әкелетін нағыз мамандар болып шығуын тілеймін.

Сондай-ақ, ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі өңір мен елді дамытуға қажетті мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп отырғаны үшін С.Аманжолов атындағы өңірлік Шығыс Қазақстан университетімен маңызды ынтымақтастық үшін ШҚО білім басқармасына ерекше алғысын білдірді.
"BE ТО BE" кәсіптік бағдар беру іс-шарасы бағдарламасы түлектердің университеттің жоғары мектептерімен интерактивті танысуын қамтиды.

— Біздің жоғары оқу орынға қатысты үш негізгі мәселені атап өткім келеді, — деп атап өтті С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген. — Біріншіден, білім беру сапасы: еліміздің 130 көпсалалы жоғары оқу орындары арасында педагогтердің білімін бағалау нәтижелері бойынша үш мәрте бірінші орын, көпсалалы жоғары оқу орындары арасында ұлттық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштер иеленіп отырмыз. Екіншісі — ғылым, басымды ғылыми бағыттар. Біз бакалавриат, магистратура және докторантура есебінен болашақ ғалымдарды тәрбиелеп отырмыз. Үшінші мәселе — біздегі өте қызық студенттік өмір. Біздің студенттер Еуропаның әртүрлі елдерінде оқиды, шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық географиясы өте кең, бүгінгі таңда әлемнің 200-ден астам университеттері біздің серіктестеріміз болып отыр. Жақында біз Генуя университеті (Италия) филиалын ашамыз, сондықтан бізде студенттерді оқытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Біздің оқу орнында оқытудың келесідей артықшылықтары: бұл білім беру бағдарламаларының кең таңдауы, атаулы стипендиялар, мамандарды сапалы даярлау, қос дипломды білім беру, академиялық ұтқырлық және түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейі.

Сонымен, С. Аманжолов атындағы ШҚУ бүгінде 113-тен астам PhD докторын шығарып, 10 мың студентті оқытып, 74 ғылыми жобаны іске асырып, түлектерді 98 пайыз жұмысқа орналастырып отыр.

Бизнес және құқық жоғары мектебі, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, педагогикаж мектебі болашақ студенттерге білім беру бағдарламалары мен олардың ерекшеліктерін, сондай-ақ қабылдау шарттарын таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоғары мектептер балаларға химиялық эксперименттер, ағылшын тіліндегі викториналар, авторлық әзірлемелер, психологиялық ойындар және метафоралық карталар дайындаған екен.

Іс-шара пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарын, "Алтын белгі" белгісінің және "Bizdiң Өѕкемеп Quiz" зияткерлік ойынының иегерлерін, көп балалы отбасылар мен "Үміт" балалар үйінің балаларын ЖОО-ның білім беру гранттарына сертификаттармен марапаттаумен жалғасты. 22 адам осындай бақытқа ие болып, төрт жылдық тегін оқуға құқылы болды.

— Жақында мен облыстық олимпиадаға қатысып, бірінші орынға ие болдым, — деп бөлісті Өскемен қаласының № 22 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аружан Қажиақберова. — Ол жерде бәрі өте адал және ашық өтті. Ал бүгін мен көптен күткен грант сертификатын алдым. Анам екеуміздің қуанышымыз қойнымызға сыймай тұр. Осындай сыйлықтар үшін оқу орнына алғысымыз шексіз. Мен құжаттарды тапсырып, ШҚО бір бөлігіне айналатын сәтімді күтіп отырмын.

Іс-шара соңында университеттің таланттары көрермендерді "Махаббат", "Human", " Hello" әндері, "Белла Чау", "БиП" билері және т.б. сияқты жарқын би және вокалдық нөмірлерімен қуантты.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте