Глубокое ауданында 2024 жылы инвестиция өсімі артты

8 часов назад
Сейчас читают:
Глубокое ауданында 2024 жылы инвестиция өсімі артты Глубокое ауданында 2024 жылы инвестиция өсімі артты
Глубокое ауданында 2024 жылы инвестиция өсімі артты

Глубокое ауданы биылғы жылы даму қарқынында әсерлі нәтижелер көрсетті: 10 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 201,5%-ға артты. Бұл туралы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненко ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.

Аудандағы ерекше назар аударуға тұрарлық сала — құрылыс индустриясы. Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,7%-ға өсіп, шамамен 24 млрд теңгеге жетті. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салуды қамтитын 130 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға бағытталған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 8 млрд теңгені құраған 123 жобамен шектелген еді.

— Инвестиция өсімімен қатар ауыл шаруашылығында да оң өзгерістер байқалуда. Жалпы өнім көлемі 112,6%-ға артып, 53,6 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығына тиесілі, ол 120,3%-ға өсті, — деді Евгения Литвиненко.

Экономикалық өсіммен қатар аудан жұмыссыздық мәселесімен де күресуді жалғастырып келеді. Есепті кезеңде 1 063 жаңа жұмыс орны ашылып, 1 583 жұмыссыз азамат еңбекпен қамтылды.

Экономикалық өсім аясында аудан жастар мен әлеуметтік топтарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды белсенді түрде іске асыруда. Бизнес жобаларды дамытуға 14,8 млн теңге көлемінде гранттар беріліп, 75 адам кәсіби оқытудан өтті.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте