Киберқылмыстарға тосқауыл: құқық қорғау органдары мен банктер диалогы

26 мая 2025, 4:39
Сейчас читают:
Киберқылмыстарға тосқауыл: құқық қорғау органдары мен банктер диалогы Киберқылмыстарға тосқауыл: құқық қорғау органдары мен банктер диалогы
Киберқылмыстарға тосқауыл: құқық қорғау органдары мен банктер диалогы

23 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасымен өңірдегі ірі банктердің филиал өкілдерімен: ForteBank, Kaspi Bank, Халық банкі, Еуразиялық банк, Береке банкі, Отбасы банкі жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында қаржы саласындағы киберқауіпсіздік мәселелері, интернет-алаяқтыққа бірлесіп әрекет ету тетіктері, сондай-ақ банктер мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жолдары талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өскемен қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Зуев Владимир Михайлович қатысты. Ол банктер мен полиция тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жауап беріп, клиенттерді киберқатерлерден қорғау мәселесі бойынша түсініктеме берді, сондай-ақ агенттік пен қаржы ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың болашақтағы бағыттарымен бөлісті.

Кездесу диалог форматында өтті. Банк өкілдері киберқылмыстарға байланысты өз тәжірибелері мен проблемалық мәселелерін ортаға салып, полиция қызметкерлері нақты ұсынымдар мен түсіндірмелер берді.

ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Камалханов Дархан Елтаевич осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, тек бірлескен жұмыс пен тұрақты ақпарат алмасу арқылы киберқатерлерге тиімді қарсы тұруға болатынын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ынтымақтастықты жалғастыру, аналитикалық деректермен алмасу және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолданатын ұсыныстар әзірлеу туралы мәмлеге келді.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте