Ұлан ауданында жүктерді сақтау және қоймалау үшін көліктік-логистикалық орталық салынады
2027 жылы аяқталады деп жоспарланған жобаның құны 21 миллиард теңгені құрайды.
Нысан құрылысының бастамашысы – «DTJ Commerce» ЖШС. Құрылысты бастау 2026 жылға, пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған. Бүгінде Қасым Қайсенов кенті маңында бұл үшін жер телімі бөлініп, жоба әзірленуде.
Жоба асында теміржол желісін тартып, қоймалар салу көзделіп отыр.
– Көліктік-логистикалық және көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсетілетін болады, оның ішінде жүктерді қабылдау, жөнелту, сұрыптау, кеденнен өткізу, жылжымалы құрамды жеткізу, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету, жүктерді межелі станцияға дейін жеткізу бар, – деп түсіндірді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.


