Үлбі металлургия зауытындағылар дәстүрлерді бұрыннан берік ұстанатын
Ең тұрақты және танымал дәстүрдің бірі КВН конкурсын өткізу болып табылады. ҮМЗ-нің 75 жылдығына арналған көңілді тапқырлар клубы форматындағы "Зауыттық отбасы – көңілді отбасы" байқауы "Ертіс концерт" концерт залында өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл формат кездейсоқ таңдалмапты, барлық командалар құрама, зауыттың үлкен отбасының бөліктері, бұл формат барлық өндірістердің ынтымақтастығын, көрермендерге өзінің барлық таланттарын көрсету мүмкіндігін, сондай-ақ өзекті мәселелерді әзіл-қалжың түрінде көтеруге мүмкнідік береді.
— Үлбі металлургия зауыты корпоративтік дәстүрлерге бай, — дейді кәсіпорындағылар. — Биыл зауыт үшін ерекше, мерейтойлық жыл. 75 жыл бұрын құпия зауыттың алғашқы өнімі — торий оксалаты шығарылды. Зауыт әскери қажеттіліктерге бағытталған еді, кейіннен бейбіт рельстерге қойылды. Сонау жылдардағыдай зауыт ұжымы әлі күнге дейін үлкен, тату, жұмысшылар отбасы болып отыр. "Зауыттық отбасы – көңілді отбасы" атты шығармашылық байқаудың тарихы 2006 жылы бастау алады.
Көңілді тапқырлар сайысының тақырыбы "ҮМЗ-ге 75 жыл!" деп аталып, дәстүрлі түрде көңілді тапқырлардың әнұранынан басталып, командалар сайысына нұсқау берілді: "Біз мерейтойды бастаймыз!" тақырыбында командалардың бірін-бірі қарсы алудан өтсе, ал үй тапсырмасы "Құттықтауға асығамыз" деп аталды.
"Бес бер, 75!", "Ядролық микс" және "Уран" құрама командалардың құрамында — уран, бериллий және тантал өндірістерінің, энергия орталығының, сынақ және сервистік орталықтардың, Үлбі жобалау-конструкторлық институтының, баспасөз қызметінің және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері кірді. Әр команда өздерінің сахналық командалық имиджін команданы көрнекі түрде ерекшелейтін костюм элементтерінен жасады.
"Ядролық микс" командасының капитаны, ҮМЗ жастар бірлестігінің төрағасы, "ҮМЗ" АҚ энергетикалық орталығының өндірісін дайындау жөніндегі инженері Сергей Головиннің айтуынша, КВН-ға дайындық бір айдан астам уақыт бойы мұқият жүргізілген екен. Тіпті кәсіби көңілді тапқырлардың көмегіне жүгінуге тура келіпті. Дайындықты музыка мектебінің залында, тіпті Ертіс концерт залында өткізген.
Қазылар алқасының мүшелері Өскемен қаласының Мәдениет және өнер қызметкерлері мен "ҮМЗ" АҚ өкілдері болды. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша командалардың сөз сөйлеуін бағалау критерийлерінің ішінде: конкурстық сөз сөйлеудің әрбір кезеңінің тақырыбын ашу және оның конкурстың жалпы тақырыбымен байланысы, сөз сөйлеу бағдарламасында зауыттық корпоративтік тақырыптың және отбасы тақырыбының болуына (тек бөлімшенің немесе еншілес ұйымның ғана емес, сонымен бірге бірыңғай үлкен "зауыттық отбасы", ортақ үйг ҮМЗ-ге, бір отбасына тиістілігін айшықтау) назар аударылған.
— Біздің зауыттың құндылықтарының бірі командалық жұмыс болғандықтан, біз көңілді тапқырлар форматында командалар сайысын өткіземіз, — деп атап өтті "ҮМЗ" АҚ конкурс төрағасы, тәуекелдер және комплаенс жөніндегі офицері Марина Михайлова. — Қазылар алқасы ретінде біз ең алдымен, "Зауыттық отбасы – көңілді отбасы" конкурсының тақырыбына сәйкестігін, сондай-ақ зауыт пен қала тақырыптарындағы әзілдердің өзіндік ерекшелігін, өзектілігін, сыртқы келбетін, сахналығын, этикасын, залмен жұмыс істеу қабілетін, серпінділігі мен регламентін бағаладық.
Ойын қорытындысын шығарған қазылар алқасы сайыс нәтижелерін жариялады: бірінші орынды "Бестік бер, 75!", екінші орынды (ұпай бойынша) "Ядролық микс" және "Уран" бөлісті.
Іс-шара Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен соң ерекше болды, мерекелік кеш барысында әйелдерге құттықтаулар жолданып, "Пируэт" және "Алтай" би ансамбльдері, "Инкоро" тобы, Әсем Рыспаева, Тимур Калекперов, Арника Байбусынова сияқты әртістердің қойылымдары ұсынылды.
— Бүгінгі байқау біздің зауыттың 75 жылдығына орайластырылған. Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігі үшін өте маңызды, корпоративтік рухты көтереді. Сонымен қатар, олар позитивті, күлкі мен көңілді күй сыйлайды, — деп атап өтті "Үлбі металлургия зауыты" АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкий.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Үлбі металлургия зауыты атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да салалардың қажеттіліктері үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өнімдерін әлемде танылған өндірушілердің бірі болып табылады. 1997 жылдан бастап кәсіпорын "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ құрамына кіреді. Қазатомөнеркәсіп атом электр станциялары үшін уран, сирек металдар, ядролық отын импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы болып табылады.

