Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі

11 часов назад
Сейчас читают:
Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі
Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі

Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші — тартылған инвестиция көлемі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір экономикасының дамуы тікелей инвестиция көлеміне байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, негізгі капиталға тартылған инвестиция – қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын бағалаудағы басты көрсеткіш болуы тиіс.

— Қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысындағы ең маңызды көрсеткіш — бұл негізгі капиталға тартылған инвестициялар. Тікелей шетелдік инвестициялардың ағымы өңір экономикасына оң ықпал етеді, — деді аймақ басшысы.

Әкім әрбір инвестициялық жоба бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін жасап, жобаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілерге дер кезінде әрекет ету қажеттігін атап өтті.

Жобалардың тоқтап қалуына не себеп болғанын мұқият сараптау қажет. Инвесторлар жобаның бастамасынан бастап толық іске қосылғанға дейін барлық кезеңде әкімдіктің қолдауын сезінуі керек. Барлық әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс, деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп, энергетика, туризм және агроөнеркәсіптік салаларда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облыс басшылығы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, тұрақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық бермек.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте