Облыс әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесті

13 часов назад
Сейчас читают:
Облыс әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесті Облыс әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесті
Облыс әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесті

Ұлан ауданында биыл 52 шақырым жол мен көше жөнделіп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан халқымен кездесуі барысында мәлім етті.

"Ұлан ауданының агроөнеркәсіптік кешенде, өнеркәсіпте және туризмде даму мүмкіндіктері зор. Ауданның 2029 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 15,8 млрд теңге бюджет қаражатын және 357,9 млрд теңге жеке инвестициялар тарту жоспарланған. Бүгінде жалпы құны 8,8 млрд теңгені құрайтын жылу оқшаулағыш материалдар зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр", — деді аймақ басшысы.

Тұрғындар республикалық маңызы бар жолдан Митрофановка ауылына дейінгі жолды және Пролетарка ауылы ішіндегі жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.

"Сол үшін аудан әкімдігі Митрофановка ауылына кіреберіс жолды 484,9 млн теңгеге орташа жөндеуге, Пролетарка ауылы ішіндегі жолдарды 154 млн теңгеге жөндеуге сметалық құжаттама әзірледі. Жобаларды келесі жылы жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ халық бұған дейін Дубығалы көліне апаратын жолдың жоқтығы туралы айтқан. Аталған көлдің туристік әлеуеті жоғары, алайда Гагарино ауылы арқылы өтетін жолдың жоқтығы ішкі туризмнің дамуын шектеп, аймақтың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Мәселені шешу үшін Дубығалы көліне апаратын жол аудандық маңызы бар жолдар тізіміне енгізілді", — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу барысында аудан жұртшылығы өздерін толғандырған басқа да сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте